• kz

Баспасөз хабарламалары

Болашақ энергиясы біздің балалардың көзімен

Цатэк

Қуаттылығы 100 МВт болатын «Астана EXPO – 2017» бірегей жел электр станциясына саяхат балаларға жаңа білім, ұмытылмас әсер, жылы шырайлы сезім мен болашаққа бастайтын таусылмас күш-жігер сыйлады. ҚДБ серіктесі жүзеге асырған ЖЭС ауқымы балаларды ғана емес, ересектерді де бей-жай қалдырмады.

Жел паркі шолуының алдында «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Нұрболат Сарбасов қауіпсіздік техникасы жөніндегі кіріспе нұсқама жасады.

Цатэк

Биіктігі 84 метр және қалақ жүздерімен бірге 140 метр болатын ЖЭС алғашқы іске қосу кешенінің керемет турбиналары таң қалдырады. Ротордың диаметрі – 112 метр. Сіз олардың биіктігін 46 қабатты үймен салыстыра аласыз. Электр станциясының аумағында барлығы 29 дана, әрқайсысының қуаттылығы - 3,45 МВт. Жобаның жалпы қуаттылығы 100 МВт құрайды.

Әр турбинаның салмағы шамамен 370 тонна. Осындай керемет құрылымның іргетасын қалау үшін құрылысшыларға темірбетон негіздерін дайындау қажет болды, мысалы, турбинаның әр іргетасы үшін цемент көлемі 100 КАМАЗ бетон араластырғышты қажет етті. Жел турбиналарын монтаждау кезінде жүк көтергіштігі 750 тоннаға дейін жететін кран арнайы техникасы іске қосылды.

Директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Жолшоринов атап өткендей, жобаны іске асыру басталғанға дейін үш жыл ішінде белгіленген метеомачта арқылы шамамен 7 млн жел өлшеуі жүзеге асырылды. Орасан зор жобаның қорытындысы – 10 мыңға жуық үйді жылдық энергиямен қамтамасыз ететін жел станциясының таза энергиясы қолданысқа берілді. Жоғары технологиялық жел генераторлары жел энергетикасының әлемдік көшбасшыларының бірі – VESTAS компаниясымен өндірілген. Турбиналардың бұл түрі Vestas жабдықтарының ең соңғы және жетілдірілген буыны болып табылады және Батыс Еуропа елдерінде, сондай-ақ Канада мен АҚШ-та, оның ішінде қатал климаттық жағдайлары бар елдерде қолданылады.

Жасыл жобаның арқасында парниктік газдар шығарындыларын жылына 230 мың тоннаға азайтуға болады, бұл сол уақыт кезеңінде 113 мыңнан астам автомобиль шығарындыларының көлемінен асып түседі және жыл сайын 79 мың тоннадан астам отынды үнемдейді. Жобаның математикасы тіпті балаларды таң қалдырды.

экскурсия

Экскурсия барысында балалар түрлі сұрақтар қойды, оларды барлығы қызықтырды. Қозғалыссыз тұрған турбина ерекше назар аударды. Белгілі болғандай, жылына бір рет әрбір турбина жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін өз жұмысын 40 сағатқа тоқтатады. Сонымен қатар, «жасыл» экскурсияға қатысушылар гондола курсының аз уақыт ішінде айтарлықтай өзгергенін байқады. «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС бас инженері Владислав Гарбовский гондола желдің бағытына сүйене отырып, бір күнде бірнеше айналым жасай алатынын түсіндірді. Сонымен қатар, жас суретшілерді «Желдің екпіні нормадан жоғары болса не болады?» деген сұрақ қызықтырды. «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС өкілдері желдің жылдамдығы 30 м/с жеткен кезде жел турбиналары жұмысын тоқтататынын түсіндірді. Ол үшін әрбір турбинада желдің жылдамдығы мен басқарудың арнайы қондырғылар орнатылған, олар рұқсат етілген көрсеткіштерден асқан кезде жел турбинасының тоқтауына белгі береді. Балаларды қоршаған орта да алаңдатты. Мысалы, қатысушылардың бірі құстар туралы сұрақ қойды, атап айтқанда «Бұл құрылғы құстар үшін қаншалықты қауіпсіз?» деген сауал қойды. Бүлдіршінді алаңдатқан сұраққа «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС қызметкері Руслан Жампейісов барлық пайдалану уақытында бірде-бір құс зардап шеккен жоқ деп жауап берді.

лдод.jpg

Экскурсияға қатысушылар жел станциясының аумағында басты бақылау алаңына, сондай-ақ станцияның цифрлық орталығына – барлық ақпарат түсетін электр энергиясын өндіру үдерісін бақылау мен басқарудың автоматты жүйесінің жаңа кешенімен жабдықталған диспетчерлік басқару пунктіне барды, сондай-ақ жел турбинасы мұнарасының негізіне де өте алды. Бұл ретте, балаларға турбинаның гондоласына көтерілуге жел турбиналарына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын арнайы оқытылған және даярлықтан өткен персоналға ғана рұқсат етілгені түсіндірілді.

лютдл.jpg

Сонымен қатар, қатысушылар жел паркі аумағында қуаты 220 мың вольт және жалпы ұзындығы шамамен 16 километр электр берудің әуе желісі, турбиналарды жалғайтын 25 километрден астам автомобиль жолдары сияқты объектілер мен құрылыстар іске асырылып, қуаты 80 мың киловольт-ампер күштік трансформаторлары бар 220/35/10 киловольт арттырушы қосалқы станция салынғанын өз көздерімен көрді. Станцияның тікұшақ алаңы және қызмет көрсететін персоналға арналған қонақ үй бөлмелері бар.

Стратегиялық нысанға ерекше экскурсия дәмді шай ішумен аяқталды, онда қонақтарға дастархан жайылып, кәдесыйлар сыйлады.

эдлжодрл.jpg

Жарқын болашағы үшін осындай маңызды нысандар салынып жатқан балалар бізбен ерекше саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті. Жалғасы келесі бейнесуреттерде.

фы.jpg

фвф.jpg

фв.jpg

вф.jpg

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79