• kz

Тәуекелдер басты назарда

Қаржы институты жағдайында менеджмент өз тәуекелдерін ғана емес, сонымен бірге қарыз алушылардың тәуекелдерін де бағалауы керек. «Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ, банк) – экономиканың металлургия өнеркәсібінен бастап қонақ үй бизнесіне дейінгі алуан түрлі салаларды қамтитын елдегі ең ірі жобадан тұратын, шамамен 2 трлн теңге кредит қоржыны бар даму институты. 20 жыл ішінде банкте тәуекелдерді басқарудың ең бай тәжірибесі жинақталғаны рас.

Банктің басқарма төрағасының орынбасары Сандуғаш Кенжебаева «Курсивке» ҚДБ қарыз алушылармен несиелік, саяси және құқықтық тәуекелдерді басқару саласында қалай өзара әрекеттесетіні туралы айтып берді.

Сандугаш Кенжебаева

- Сандуғаш Айбасқызы, банк үшін негізгі тәуекел – бұл несиелік тәуекел. ҚДБ бұл тәуекелді қалай басқарады?

- Бірінші кезекте банк қоржынға жүйелі талдау жүргізеді. Банк кредит қоржынының стресс-тестілеуін әртүрлі стресс-факторлардың әсері және нәтижелердің тәуекел тәбетімен арақатынасы жағдайында жүзеге асырады. Мысалы, ҚДБ өткен жылдың басынан бастап пандемиядан болатын зардаптарға стресс-талдау бойынша жұмыс жүргізіп келеді, анықталған тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі жобалардың барлық қатысушылары үшін іс-шаралар жүйесін әзірледі және осындай іс-шараларды дәйекті түрде орындайды. Нәтижесінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша NPL деңгейі 1,5%-ды құрады, бұл дағдарысқа дейінгі 2019 жылдың көрсеткішінен жақсы болып шықты.

Әрбір жоба бірегей болып табылатын кредит қоржынының әртектілігін ескере отырып, ҚДБ әрбір клиентпен, әсіресе қарыздарға қызмет көрсетумен проблемалары бар клиенттермен жеке жұмыс жүргізеді. Біздің міндетіміз – отандық бизнесті қолдау болғандықтан, біз екі тарап үшін де жағдайдан шығудың барынша қолайлы жолын табуға тырысамыз.

- ҚДБ-де несиелік тәуекелдерді анықтау тетігі қалай құрылған?

- Тәуекелдер жоба өміршеңдігінің барлық кезеңдерінде анықталады. Сараптама деңгейінде-ақ ҚДБ мамандары жобаның техникалық, технологиялық пысықталуын, шикізат пен өткізу нарықтарын және басқа да факторларды маркетингтік зерттеуді, жоба бойынша келісімшарттар талаптарының құқықтық сараптамасын талдайды. Жоба қатысушыларының әрқайсысының рөлі мен жауапкершілік аясын нақты анықтау маңызды. Мәміленің өзі және әрбір контрагенттің өміршеңдігі бағаланады. Жобаны талдаудың көрсетілген түрлері нәтижелерінің жиынтығы цифрландырылады және қаржылық модельде ескеріледі.

Несиелік тәуекелдер сыртқы сарапшылардың қорытындыларын қамтитын құжаттар пакетін мұқият талдау нәтижесінде анықталады, қандай да бір дәрежеде инвестициялық жобаны іске асыруға әсер етуі мүмкін нарықтарға, әлемдік жаңалықтарға және өзге де ресурстарға шолу жасау бойынша ұсынылған және дұрыс дереккөздерден алынған ақпарат пайдаланылады.

имиджевое фото

Жобаны іске асырудың әр кезеңнің өзіндік тәуекелдері бар. Құрылыс кезеңінде мердігердің тәжірибесіне немесе оның төлем қабілеттілігіне байланысты жобаның дұрыс жұмыс істемеу қаупі туындауы мүмкін. Құрылыс кезіндегі маңызды тәуекелдердің бірі айырбас бағамының құбылмалылығы (бұл әсіресе, шетелден жабдық импортын талап ететін жобалар үшін ауыр), күтпеген шығындар сияқты көптеген факторларға тәуелді жобаның қымбаттау тәуекелі болып табылады.

Пайдалану кезеңінде үздіксіз өндіріс тәуекелі, өнімнің сапасы, қажетті шикізатты сату және уақтылы жеткізу, баға, бәсекелестік орта, сала, қарызға қызмет көрсету тәуекелі және басқалары бағаланады.

ҚДБ-ның әрбір жобасы бағалау жүргізу кезінде жеке тәсілді талап етеді, өйткені бір тәуекелдің екі түрлі жобаға әсер етудің әртүрлі деңгейі болады. Бағалау кезінде ҚДБ-ның 20 жыл бойғы тәжірибесіне негізделген жинақталған білім қоры да маңызды рөл атқарады. Бұл іске асырылған істермен салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді және осылайша қосымша тәуекелдерді анықтау үшін жақсы ресурс ретінде қызмет етеді. Біздің міндетіміз – тәуекелді анықтау ғана емес, сонымен қатар осы тәуекелді басқарудың оңтайлы әдістерін табу.

- Салалық тәуекел деңгейі жобаны қарау кезінде оның тағдырына қалай әсер етеді?

- Әлеуетті қарыз алушының және мәміленің несиелік тәуекел дәрежесі оны мақұлдаудың немесе одан бас тартудың негіз қалаушы факторы болып табылады. Несиелік тәуекелді бағалау – бұл бүкіл банктік сараптаманың соңғы кезеңі, ол өзі банкте қатаң реттелетін өте көп уақытты қажет ететін және көпжақты үдеріс. Банк едәуір ірі жобаларды қаржыландыратындықтан, олардың көпшілігі сала құраушы болып табылады, елдегі қандай да бір саланың дамуына серпін береді.

ҚДБ-ның мақсаты тек тәуекелі төмен салалардың жобаларын ғана қаржыландыру емес. Салалық тәуекелдерді басқару портфельдік деңгейде – әртараптандыру және салаларға лимиттер белгілеу арқылы, бұл тұрғыда, олар, әрине, саланың қаржылық жағдайының жалпы орташа салалық көрсеткіштерін ескереді, сондай-ақ әр жобада жеке жүзеге асырылады.

Өңдеуші өнеркәсіптің қандай да бір секторына тән жалпы жүйелік тәуекелдер бар және бұл жерде ҚДБ-ның даму институты ретіндегі міндеті – жобадан бас тартып, тәуекелді болдырмау емес, осындай тәуекелдерді барынша азайтуға немесе қабылдауға мүмкіндік беретін тетіктерді тұжырымдау.

СЭС Кун Куат.jpg

ЖЭК жобаларының мысалында бұның қалай жұмыс істейтінін түсіндірейін. Бір жағынан, бұл нарықтық тәуекел деңгейі төмен сала, өйткені өндірушімен белгіленген тарифтер бойынша электр энергиясын сатуға ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалады. Бірақ шикізат ретінде жел, күн радиациясы, су объектілерінің жағдайы сияқты табиғи жағдайлар болғандықтан, бақыланбайтын климаттық, табиғи, маусымдық қауіп факторлары пайда болады. Сондықтан банк жоба үшін қолайсыз климаттық жағдайлар кезеңінде несиелік тәуекелдің туындауын барынша азайтуға мүмкіндік беретін тетіктерді әзірлеп, табысты қолданады.

Тағы да атап өтейін – салалық тәуекелдерді дұрыс бағалау жобадан дәлелді түрде бас тарту үшін емес, жоба мен несиелік тәуекелдің тәуекел факторларын және жобаны құрылымдауды түсіну үшін қажет.

- Пандемиядан кейін тәуекелдерді бағалау тәсілі өзгерді ме?

- COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс ҚДБ қызметіне де әсер етті, өйткені біздің қызметіміз өнеркәсіптік және ірі бизнес ойыншыларымен тығыз байланысты. Біз стресс-тестілеу өткізіп, Банктің неғұрлым осал активтерінің тобын айқындадық, жағдайдың дамуы мен жауап қайтарудың түрлі сценарийлерін әзірледік.

Қаржы секторындағы «тәуекелдің» мәні 2020 жылы айтарлықтай кеңейді. Стандартты нарықтық және елдік тәуекелдерден басқа, оның ішінде біз 2008 жылы байқаған жаһандық тәуекелдерден басқа, келесі жылдары «unknown & unknown» санатындағы тәуекелдер пайда болды, оларды алдын-ала анықтау, іске асыру ықтималдығын және олардың Банкке әсер ету деңгейін бағалау қиын.

Өткен жылдың негізгі міндеті ҚДБ-ның біздің қарыз алушыларымызды кредитке қабілетті деңгейде ұстап тұру бойынша жылдам тиімді шешімдер қабылдау қабілетін дамыту болды. Сондай-ақ бізге инвесторлар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдармен өзара тиімді әрекеттесу, көптеген факторлары белгісіз турбулентті түрде өзгеретін сыртқы орта жағдайында заңнамалық өзгерістерге бастамашылық жасау маңызды болды. ҚДБ-ның 2020 жылғы нәтижелері Банк беріктік, күйзеліске төзімділік және өзгерістерге бейімділік сынақтарынан өтті деп айтуға мүмкіндік береді.

Сандугаш Кенжебаева.jpg

Пандемиядан кейін тәуекелдерді бағалау тәсілдері өзгерген жоқ, бірақ Банк қызметкерлерінің көзқарасы өзгерді (көбінесе алынған оң нәтижелерден кейін) – жалпы алғанда тәуекелдерді басқару тыйым салу шараларын анықтауға емес, бөлімшелерге уақыт табуға, тәуекел туралы ескертуге және оларды азайту бойынша бірлесіп шаралар әзірлеуге мүмкіндік беретін көбірек қолданылатын қызметке айналды.

Соңғы бір жыл ішінде біз макроэкономикалық аналитиканы елеулі түрде күшейттік, жобаларға саяси тәуекелдердің әсерін бағалау бойынша функционалды дамыттық. Жобалық және несиелік тәуекелдерді арттыратын факторларды сақтандыру функционалы дамуда, бұл шаралар болашақта форс-мажорлық жағдайлар кезінде шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Кибер-тәуекелдерді, IT-инфрақұрылымның бұзылуға тұрақтылығы мен деректердің сақталу тәуекелдерін бағалауда құзыреттерді дамыту жалғасуда.

- ҚДБ тәуекелдерді бағалау кезінде ESG-критерийлерін қаншалықты белсенді пайдаланады?

- Тәуекелдерді бағалау кезінде біз ESG тәсіліне сәйкес тұрақты даму қағидаттарын ұстанамыз. Инвестициялық жобаларға сараптама жүргізе отырып, ҚДБ мамандары олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттарға сәйкестігін міндетті түрде ескереді. ҚДБ экологиялық таза өндірістер мен ресурс үнемдейтін жобаларды қолдауға басымдық береді. Бүгінде банк қоржынында 5 ЖЭК жобасы бар. Өтініш беруші компанияда шешім қабылдау жүйесі және жалпы ондағы корпоративтік басқару жүйесі бағаланады. Банкте жобаларды іске асырудан туындайтын әлеуметтік-экономикалық әсерлерді бағалау және мониторингілеу жүйесі енгізілген. Біз ESG тәсіліне сәйкес жобаларды талдау және бағалау үдерістерін жетілдіруді жалғастырамыз.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79