• kz

«ҚДБ жобасы менің өмірімді қалай өзгертті»

Бүгін «ҚДБ жобасы менің өмірімді қалай өзгертті» айдары аясында жақында отандық автоөнеркәсіптің қатарынан беделді орнын алған Hyundai Trans Kazakhstan заманауи зауытының қызметкерлерімен, атап айтқанда сұлулық жаршысына айналған нәзікжандылармен танысуды ұсынамыз.

Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнында 400-ге жуық адам жұмыс істейді, ал толық қуаттылыққа шығу арқылы сан 700-ге дейін артады, ал мультипликативтік нәтижемен көрсеткіш мыңнан астам адамға жетеді. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, машина жасау сабақтас салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсерге ие бола отырып, халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайтады және сол арқылы елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Зауытта бір жұмыс орны аралас салаларда (сервис, сату, логистика, сақтандыру, банк секторы, маркетинг, автоқұрамдауыштар өндірісі) 15-ке дейін жұмыс орнын құрады және бір орынның құны 40,1 млн теңгені құрайды.

Зоя Васильева.jpg
Зоя Васильева, цех дәнекерлеушісі

Төрт баланың анасы. Жастайынан ол алысқа қатынайтын жүргізуші болуды армандаған. Бүгін Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнында тағдыр оның бала арманы автокөліктермен байланыстырды. Ол қазіргі заманғы автокөліктердің алты моделін жинаудың алғашқы үдерісіне тікелей қатысады. Зоя кәсіпорында өзінің кәсіби дағдыларын жетілдіруді жалғастырып келе жатқанын және оны бүкіл жұмыс үдерісі, зауыттың атмосферасы мен энергетикасы ерекше қызықтыратынын айтты.

Гульнар Ахментаева.jpg
Гүлнар Ахментаева, цех шебері

Екі баланың анасы. Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың инженер-химик-технолог мамандығы бойынша түлегі. Гүлнар бала кезінен зауытта жұмыс істеуді мақсат етіп қойған. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін қойылған мақсатты табысты орындай отырып, түрлі зауыттардағы еңбек қызметін жалғастырды. Ал өткен жылы жаңа Hyundai Trans Kazakhstan зауытынан шақырту алып, оны қуана қабылдады. Гүлнар зауыт өзі үшін екінші отбасына айналғанын және ол тұрақтылықты, тату ұжым мен зауыттың қамқор басшылығын ерекше бағалайтынын айтады.

Елена Волкова.jpg
Елена Волкова, сырлаушы-жылтыратушы 
Елена ата-әжесі мен ата-анасы таңдаған жолын жалғастыруда. Бала кезінен ол еңбек әулетінің жұмысын бақылап өсті, содан өзін отбасылық іске арнауды шешті. Екі білімі бар – «автокөліктерді жөндеу және пайдалану жөніндегі темір ұстасы» және «техник-механик». Елена кәсіпорында жұмыс істеуді шығармашылық қызмет деп санайды және ол болашақта осы саладағы жоғары білім алуды жоспарлап отыр. Бұл үшін зауыт барлық жағдайды жасайды және маманның автокөлік жолында біліктілігін арттыру туралы арманын орындауға ықпал етеді.

Дина Ахметова.jpg
Дина Ахметова, темір ұстасы 
Дина суретші-модельер бола тұра, сондай-ақ Қазақстан қатынас жолдары университетінің білімі және «Тұлпар-Тальго» пойызындағы бортсеріктің көп жылдық тәжірибесі бола тұра, өзіне автокөлік өнеркәсібінде жаңа мамандық ашуға тәуекел етті. Оны осы саланың жаңалығы мен зор келешегі, сондай-ақ машина жасауда жаңа білім алу мүмкіндігі қызықтырды. Дина жұмыс барысында уақыттың қаншалықты тез өтіп кететінін байқамай қалатынын және болашақта өз алдына қойған мақсаты – автокөліктерді өз бетінше жинау және бөлшектеу екенін айтты.

Юлия Мельник.jpg
Юлия Мельник, темір ұстасы 
Бала кезінде ата-анасымен бірге Украинаның Луцк қаласынан Алматыға көшіп келген. Ол зауытқа кездейсоқ келді. Юлия жұмысқа орналасу кезінде автокөлік жасау туралы ештеңе білмеді, бірақ соған қарамастан, жұмысы мен табанды ұмтылысының арқасында ол слесарь деңгейіне көтеріліп, жетілдіруді жалғастыруда.

Аружан Сарина.jpg
Аружан Сарина, темір ұстасы
Басқалар сияқты Аружанды да саланың ғаламдық болашағы қызықтырды және Hyundai Trans Kazakhstan қызметкерлері автоөнеркәсіптің заманауи технологиялары саласында тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де біліктіліктерін арттыруда. Ол үшін бұл кәсіби дамуға, hard skills қоржынды жаңа дағдылармен толықтыруға және өзінің сүйікті ісінің маманы болуға тамаша мүмкіндік. Hyundai Trans Kazakhstan зауытында Аружан өз тағдырын машина жасаумен байланыстыруды шешті.

P.S. Қазақстанның Даму Банкі жүздеген қазақстандықтарды даму мен кемел келешекке шабыттандыратын Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорнына жалпы сомасы 51 млрд теңгеге үш кредиттік желі бойынша қарыз берді. Желілер Hyundai жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыт салу және 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ және «Нұрлы жол» екі мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпорынның экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында ашылды. Бұрын айтылғандай, ҚДБ-ның әрбір табысты іске асырылған жобасының артында мыңдаған адам және олардың қызықты тарихы тұр. Толығырақ https://www.the-village-kz.com/village/city/specials-city/17039-hyundai-iron-ladies сілтемесі бойынша.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79