• kz

ҚДБ "Жиі қойылатын сұрақтарға" жауап береді

автокредитование

1. Жеңілдікті автонесиелеу тоқтатылды ма? Жеңілдікпен автонесиелеуге жаңа транштар бөлінеді ме?

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) өз қолданысын жалғастырады. Бағдарлама 2015 жылғы 20 сәуірде іске қосылды және қаржыландыру көздеріне байланысты 20 жылға дейінгі мерзімге көзделген. Қаржыландырудың жалпы лимиті 82 млрд теңгені құрайды: Ұлттық қор қаражаты - 26 млрд теңге, республикалық бюджет қаражаты - 16 млрд теңге және ҚР Ұлттық Банкі қаражаты - 40 млрд теңге:

1) 26 млрд теңге - ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктер арқылы отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде шартты қаржыландыру бөлігінде отандық өндірушілер мен экспорттаушыларды қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 271 қаулысы);

2) 16 млрд теңге – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ отандық автоөндірушілерді республикалық бюджет қаражаты есебінен отандық өндірістегі автокөлік сатып алушы жеке тұлғаларды кредиттеу үшін екінші деңгейлі банктерді шартты қаржыландыру арқылы қаржыландыру бағдарламасы аясында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №792 Қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 79 Қаулысы);

3) 40 млрд теңге - Отандық өндірістің жеңіл автокөліктерін сатып алушыларға кредит беру бағдарламасы аясында (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 мамырдағы №79 Қаулысы). Осы бағдарламаның күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 24 мамырдағы №56 Қаулысымен жойылды, осыған байланысты осы бағдарлама аясында қосымша қаржыландыру көзделмеген. Бөлінген 40 млрд теңге револьверлік негізде қаржыландырылуда.

Қазіргі уақытта жеке тұлғаларды жеңілдікпен автокредиттеу бөлінген 82 млрд теңгені револьверлік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуда. Екінші деңгейдегі банктер жеке тұлғалардың қарыздарын өтеуден босатылатын қаржы қаражатын жаңа жеке тұлғаларды қаржыландыруға жібереді, жеңілдікті автокредит алуға ниет білдірушілердің үлкен сұранысын назарға ала отырып, екінші деңгейдегі банктер жаңа өтінімдерді қаржы қаражатының босатылуына қарай қабылдайды. Жеңілдетілген автонесиелеуге ағымдағы жылы қосымша қаржы бөлу қарастырылмаған.

2. Жеңілдетілген автонесие алу үшін қандай банктерге жүгінуге болады?

Автокредит алу үшін мына екінші деңгейлі банктерге жүгінуге болады
«Еуразиялық Банк» АҚ;
«АТФ Банк» АҚ;
«Банк ЦентрКредит»АҚ;
«Сбербанк» АҚ ЕБ,
«Қазақстан Халық банкі»АҚ;
«Forte Bank» АҚ;
«Банк ВТБ (Қазақстан)»АҚ ЕҰ

3. Жеңілдікті автонесиені қандай шарттармен рәсімдеуге болады?

Автомобильдің құны 15 млн теңгеден аспауы тиіс, кредиттеу мерзімі – 7 жылдан аспайды. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%.

4. Мемлекеттік бағдарлама бойынша қандай автомобиль маркаларын сатып алуға болады?

Жеңілдетілген автонесиелеудің арқасында автоәуесқойлардың "KIA", "Hyundai", "Chevrolet", "УАЗ", "ЈАС", "Ravon"маркалы жаңа модельдерін сатып алу мүмкіндігі бар. Көліктердің толық тізімі ҚДБ сайтында көрсетілген https://www.kdb.kz/kz/services/interbank-lending/.

5. Несиені рәсімдеп, жаңа көліктің иесі болу үшін қанша уақыт күту керек?

Төлем қабілеттілігін тексерумен және автоқарыздарды мақұлдаумен екінші деңгейдегі банктер айналысады. Екінші деңгейдегі банк өтінімді мақұлдағаннан кейін мақұлданған өтінімнің одан әрі мәртебесін ҚДБ бастамасы бойынша іске қосылуы жүзеге асырылған тиісті екінші деңгейдегі банктің платформасында АВТО кезектің online қызметі арқылы өтінім берушінің өзі қадағалайды (электрондық кезек «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕҰ, «БАНК ВТБ (Қазақстан)»АҚ ЕҰ сайттарында орналастырылады). Жеке тұлғаларға қарыз беру кезектілігін екінші деңгейдегі банктер ҚДБ-ның қатысуынсыз дербес жүргізеді.

Қазақстанның Даму Банкі ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде келіп түскен өтінімдерді ғана тексереді және олардың бағдарлама шарттарына сәйкестігі тұрғысынан (автомобильдің ең жоғары құны, кредит мерзімі, номиналды сыйақы мөлшерлемесі) келіседі және 3 жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктердің қаражатты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шоттан есептен шығару мүмкіндігін растайды. Республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық Банкінен бөлінген қаражат аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі арнайы шоттан қаражатты есептен шығаруды растау рәсімі жоқ.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79