• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ «Қазақстанның Мега зауыттары» атты фотоконкурс жариялайды

Фото конкурс қатысушылары 2021 жылдың 20 маусымынан 31 тамызына дейін кез-келген өндірістік кәсіпорынның өміріндегі динамикалық технологиялық процестің немесе қызықты сәт бейнеленген 3-тен аспайтын жұмысты жіберуі керек.

ФОТОКОНКУРС НОМИНАЦИЯЛАРЫ:

  • Кәсіпорын қызметкерлерінің үздік фотосуреті – 100 000 теңге;
  • Кәсіпорын өнімдерінің үздік фотосуреті – 100 000 теңге;
  • Зауыттың үздік фотосуреті – 100 000 теңге;

Конкурс қорытындысы 2021 жылдың 15 қазанында жарияланады.

Конкурсқа қатысу шарттары:

1) Бір қатысушыдан 3-тен артық емес жұмыс қабылданады. Бір қатысушы тек бір номинацияда жеңіске жете алады. Фотосуреттің ұзын жағы бойынша өлшемі кем дегенде 3 500 пиксель болуы керек. Конкурсқа қатыса отырып, қатысушы фотосуретті қатысушының өзі түсіргенін және авторлық құқықтарды, тауар белгілерін, құпиялылықты немесе мүліктік емес құқықтарды бұзбайтындығын және басқа тараптың ұсынылған жұмысқа ешқандай талаптары жоқ екенін мәлімдейді.

2) Конкурсқа жасы мен мамандығына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылатын кәсіби фотографтар мен әуесқойлар қатыса алады.Портреттік, тақырыптық және фотосуреттің басқа формалары да қабылданады.

3) Егер түсіру объектісі адамдар болып табылса, мұндай жұмыстың конкурсқа қатысуының шарты болып қатысушының түсіру объектісінің рұқсатын алдын ала алу жолымен немесе өзге тәсілмен публикация құқықтарының немесе басқа құқықтардың бұзылу қатерлерін жоққа шығаруы табылады.  

4) Суреттер маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Фотосуреттерді конкурсты ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдарында да (әлеуметтік медианы қоса алғанда) пайдалана алады.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады.

1 кезең. Жұмыстар публикациясы.
· Мерзімі: 25 маусым 2021 – 31 тамыз 2021 қоса алғанда.
· Конкурсқа қатысу үшін қатысушылар фотосуреттерін pressa@kdb.kz пошталық мекен-жайына жолдаулары қажет. Хаттың тақырыбында конкурстың атауын көрсету қажет. Хатта толық көлемдегі файлдар (жұмыстың түпнұсқалары) және жұмыстың мәтіндік сипаттамасы болуы тиіс.
· Сонымен қатар қатысушылар Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде #mega_zavod_brk бірегей хэштегімен әлеуметтік желілерде Даму банкінің аккаунтын міндетті түрде белгілей отырып фото жариялауы қажет. Конкурсқа қатысу үшін қатысушылардың әлеуметтік желілердегі аккаунттары ашық болуы тиіс.

2 кезең. Дауыс беру
· Мерзімі: 1 қыркүйек 2021 - 30 қыркүйек 2021 қоса алғанда.
· Конкурстық фотосуреттер үшін Даму Банкінің корпоративтік сайтында ашық дауыс беру орналастырылады. Әр номинация бойынша жеңімпаздар 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады.
· Фотоконкурстың қорытындылары 2021 жылғы 15 қазанда жарияланады, Даму Банкінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде хабарланады.

Конкурстық жұмыстар арнайы фотокөрмеге қатысады. Анықтама телефондары: 8 (7172) 79 26 08, +7 775 913 81 15. Электронды поштв: pressa@kdb.kz, zarinaa@kdb.kz

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79