• kz

ҚДБ кепіл саясаты: әлеуетті қарыз алушылар қандай жағдайға дайындалуы тиіс?

Ербол Сулейманов

- Банктің кепіл саясаты туралы айтып беріңізші. Пандемиядан кейін ол өзгерді ме?

- Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) – бұл инвестициялық даму институты және оның бір ерекшелігі – біз ұзақ жеңілдікті кезеңі бар ұзақ мерзімді қарыздар ұсынамыз және негізгі кепіл ретінде инвестициялық жобаны іске асыру аясында құрылатын болашақ активтерді қабылдаймыз, бұл ретте мұндай активтердің жалпы үлесі жалпы кепілдік қордың 70%-ынан аспайды. Қалған бөлігі «нақты» активтер түрінде болуы керек. Бұдан басқа, Банк классикалық жобалық қаржыландыруды және болашақ активтер түріндегі қамтамасыз ету үлесі 100%-ды құрауы мүмкін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобаларды белсенді іске асыруда. Бұл ретте банктің келісімшарттар сапасына өз талаптары мен ұсынымдары бар, олар ЕРС (толық аяқталған) шарттарында жасалуы тиіс, ал болашақ ақша ағындарын кепілге салу кезінде Off take (кепілдендірілген түсімдер) шарттарында жасалуы тиіс.

Экспорттаушыларды қолдауға келетін болсақ, мұнда Банктің кепіл саясатының параметрлері мен нормативтері қаржыландыру ерекшелігіне қарай айқындалған және қамтамасыз ету тәуекелдерін ескереді: қарыз алушының рейтингіне және осындай жобалар бойынша импорттаушымен өзара қарым-қатынас тарихына қарай экспорттық келісімшарттан түсетін ақша ағындары негізгі кепіл бола алады. Бұдан басқа, бүгінгі таңда ҚДБ – экспорттық операциялар бойынша «KazakhExport» ЭСК» АҚ қарыздарын сақтандыру тетігі арқылы қарыздарды қамтамасыз ету тетігін сәтті енгізген елдегі бірінші институт және бүгінгі күні бұл құралды екінші деңгейдегі банктер пайдаланады.

здание банка

- ҚДБ-ның ағымдағы қамтамасыз ету портфелі қандай, ол кепілдің қандай түрлерінен тұрады?

Бүгінгі таңда Банктің қамтамасыз ету құрылымында маңызды үлесті жылжымалы, жылжымайтын мүлік және болашақ активтер алады, бұл ретте біз кепілдерді трансформациялаудың жыл сайынғы динамикасын көріп отырмыз. Басқаша айтқанда, жыл сайын инвестициялық фазаның аяқталуына және жобалардың пайдалануға берілуіне қарай қамтамасыз ету ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүліктің: ғимараттар, құрылыстар, зауыттардың, фабрикалардың жабдықтар үлесі ұлғаяды. Елеулі үлесті Standard&Poor's, Moody's, Fitch сияқты халықаралық рейтингтік агенттіктер берген халықаралық рейтингі бар заңды тұлғалардың кепілдіктері алады. Бұдан басқа, қамтамасыз ету портфелінде серіктестіктердің Жарғылық капиталына қатысу үлестері, акциялар, жер қойнауын пайдалану құқығы, банктік кепілдіктер және қамтамасыз етудің өзге де түрлері бар.

- Кепілзаттық қоржынның сапасы және сараптама тетігі туралы айтып беріңізші.

- Егер кепілзаттық қамтамасыз етудің сапасы туралы айтатын болсақ, онда Банкте қамтамасыз ету құнын үздіксіз мониторингтеу мен стресс-тестілеуді көздейтін ХҚЕС-9 халықаралық стандартын енгізуді атап өту қажет. Яғни, біз тәуелсіз бағалаушылардың қамтамасыз етуін жыл сайынғы қайта бағалауды, Big4 сыртқы халықаралық аудиторлардың алдағы валидациясымен Банктің бағалау қызметінің портфельді сараптамасын және қайта бағалауын көздедік. Әрбір инвестициялық жоба немесе экспорттық операция аясындағы кепіл құны жартыжылдық негізде Банктің талдаушылары, тәуекел менеджерлері валидациялаған қаржы-экономикалық модель бойынша экономикалық құнсыздануға стресс-тестілеу рәсімінен өтеді. Яғни, Банк жүргізетін сараптама жоғары деңгейде екеніне және негізделген болжамдарға негізделгеніне күмән жоқ. Мұның бәрі бекітілген корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің бөлігі болып табылады.

Биылғы жылы ҚДБ-ға 20 жыл толады және бүгінде біздің сапалы сараптама жүргізу және ең күрделі жобаларды құрылымдауда жеткілікті тәжірибеміз, құзыретіміз бар, мұның бәрі Банктің «жасөспірім» балалық кезеңінен одан да жоғары, «ересектер» лигасына ауысуын білдіреді.

Имиджевое фото

- ҚДБ бағалаушыларының жұмысына автоматтандыру, IT-технологиялар енгізіліп жатыр ма? Кепілдіктерді бақылаудың ерекшеліктері қандай?

- Иә, бүгінгі күні Банкте кепілдіктердің автоматтандырылған қоры құрылған, онда кепілдікті қамтамасыз етудің толық есебі жүргізіледі, сондай-ақ ол провизияларды есептеу үшін пайдаланылады. Алдағы уақытта біз осы қорды талдау жұмыстарын жүргізу және қамтамасыз етудің жеткіліктілігін есептеу үшін пайдалануды жоспарлап отырмыз.

Мониторингке келетін болсақ, инвестициялық жобалардың ерекшелігін ескере отырып, кепілзаттық мүліктің орналасқан жеріне бару мониторингі жылына 1 рет жүргізіледі, бұл ретте жобаның инвестициялық фазасында объектіде сол немесе өзге жоба бойынша шығындарды мониторингілеу және басқару бойынша қызметтер көрсететін қаржы-техникалық кеңесші де болады. Бұдан басқа, Банк қолжетімділікті ұсына отырып, кепіл объектілерінде бейнебақылау жүйелерін орнату бойынша тетікті пысықтауда, бұл нақты уақыт тәріптемесінде кепілдердің мониторингін болжайды. Банк өз кезегінде кепілдер мониторингі кезінде жаңа технологияларды енгізу жолымен рәсімдерді оңайлату бағытында алға қадам басып келеді, осылайша бүгінгі күні Банк жобаларының бірінде болашақта кәсіпорынның негізгі құралдарын есепке алу жүйесімен біріктіру жоспарланып отырған кепілзаттық қамтамасыз етуді штрих-кодтау жүйесі сынақтан өтті және енгізілді. Сондай-ақ, кепіл объектілерінде RFID (объектілерді автоматты сәйкестендіру) технологиясын енгізу мәселесі қаралуда, мониторинг кезінде ұшқышсыз ұшатын аппарат белсенді пайдаланылуда.

- Сіздің ҚДБ-дағы жұмыс тәжірибеңізде бағалаудың «стандартты емес» объектілерін бағалау жағдайлары болды ма? Болса, олар туралы айтып беріңізші.

Әрбір жоба бірегей болып табылады, себебі Банк қаржыландыратын жобалар экономиканың түрлі салаларында ұсынылған: ауыл шаруашылығынан бастап металлургия мен телебайланысқа дейін. Сондықтан барлық жобалар және оның ішінде кепілдер ерекше. Іс жүзінде бізге күн сайын әртүрлі салалардағы бизнесті бағалаумен айналысуға тура келеді. Біз қарастырған соңғы қызықты жобалардың бірі – жер қойнауын пайдалануды қамтитын қатысу үлестері арқылы компанияның бизнесін кепілге бере отырып, алтын шығару фабрикасын салу. Бүгінгі таңда банкте жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы көптеген жобалар қаралуда және іске асырылған жобаларды ескере отырып, Банкте осындай қамтамасыз ету түрлерін бағалау бойынша жоғары құзырет бар.

рг голд

- Бағалаушы кәсібі әр түрлі салалардағы білімді қажет етеді: экономика, бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау, заң қызметі және т.б. Айтыңызшы, ҚДБ бағалаушысы – ол кім?

Бағалаушы кәсібінің кең ауқымды екендігі және оның ең алдымен экономика, құқық және қаржыны білу қажеттілігін қамтитындығы туралы дұрыс айттыңыз. Алайда, Даму Банкінің бағалаушысы – бұл, ең алдымен, үнемі дамуға және инновациялылыққа дайын кәсіпқойлардың үлкен үйлесімді командасының бір бөлігі. Біздің департамент қызметкерлерінің 90% кәсіби сертификаттарына ие және бағалау, банк қызметі саласында тәжірибесі бар. Біз әр түрлі семинарлар мен мастер-класстарға қатыса отырып, бар білімдерімізді арттыруға тырысамыз, өйткені біз бағалаудың серпінді сала екенін түсінеміз, сондықтан қазіргі заманда табысты бағалаушыға бар білімдерімен шектелуге болмайды, ол үшін даму маңызды. ҚДБ-ның корпоративтік саясаты қызметкерлерді, олардың дамуын, кәсіби және тұлғалық өсуін бірінші орынға қоятыны – біз үшін үлкен сәттілік.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79