• kz

#РахметҚДБ: МАКИНСК ҚҰС ФАБРИКАСЫ

Серик Толукпаев
Өзінің институционалдығы арқасында банк ең озық бенчмарктар, ең озық жұмыс түрлерін, ең озық үлгілер беруде. Ал рәсімдігі арқасында ҚДБ бізге жобаларды құрылымдауға көмектесті. Банк талаптары бізге кейбір бақылау функцияларын құруға көмектесті. Және бізге өзара жаңа мүмкіндіктер ашатын осы әріптестікке қуаныштымыз.

Біздің есімізде жақсы сақталғаны - сол кездегі ҚДБ басшысы Б. Б. Жамишевпен
болған ең алғашқы кездесу. Болат Бидахметұлы біздің Өскемен құс фабрикасына келді. Біз жобаны талқыладық, ол бәсекелестік басымдықтары туралы өте дұрыс әрі терең сұрақтар қойды және ол жауабын алған кезде, сол сәтте банк дайындығы туралы сұрақ өз шешімін тапты деп ойлаймын.

Макинская птицефабрика

Тағы бір қызықты сәт – ол Болат Бидахметұлының Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашқан, біздің басқа АЕӨ – жобасының іске қосылуына үлкен делегация құрамында келуі. Болат Бидахметұлына журналист сұрақ қойғанда, мен оның жауабын естіп қалдым. Журналисттің: «Сіз қаржыландырасыз ба?» деген сұрағына, Болат Бидахметұлы «Әрине» деп жауап берді (бірақ ол бұл кездесуден соң болды). Журналист: «Неге?» деп жалғастырды, оған ол: «Себебі, мен өзім «Кус&Вкус» өнімін сатып аламын», - деді. Міне, осындай тарихи сәт.

Банк қаржыландыруын бастап, біз Макинск құс фабрикасының 1-кезегін іске қосқанда, жобаның барлық қатысушыларымен әлемдегі ең ұзын тауық кәуабын әзірледік. 200-ден астам біздің қызметкерлер 223 метрлі кәуап дайындады. Тиісінше, от соңғы сәтке дейін тұтанған жоқ, күлдер ең соңына дейін жанған жоқ, барлық команданың үйлесімді жұмысы қажет болды. Бұл кәуап Гиннес рекордтар кітабына да енді. Ашылу сәтіндегі салтанатты көңіл-күй, бәрінің іс-шараға дайындалуы әлі біздің есімізде – бұл Банкпен біздің өзара қарым-қатынасымызды көрсетеді.

Жалпы, бизнесті мемлекеттік қолдау нысаны ең озық түсініктемелерге лайық. Банк екінші деңгейлі банктердің қаржыландыруы қиын жобаларға кіреді. Біз ҚДБ қоржынында жобалардың көп екенін көреміз, олардың экономиканың әр саласынан екенін және олардың шынымен де қаншалықты ауқымды екенін байқаймыз. Осы тұрғыда, мен мемлекеттік бағдарламалар қолдауының рөлі өте жоғары деп санаймын.

Макинская птицефабрика

Егер біздің жобамыз жайлы айтар болсақ, онда ҚДБ-мен біз жалпы құны шамамен 50 млрд теңге болатын Макинск құс фабрикасының бірінші және екінші кезегін іске асырып үлгердік. Қазір біздің өндірісті жылына 120 мың тонна өнім шығаратын үшінші кезекті іске қосу сатысында тұрмыз. Қазірдің өзінде біз жылына 60 мың тонна ет өнімдерін өндіреміз, суытылған және мұздатылған, қапталған бөлшектелген өнімнің кең ассортиментін шығарамыз. Біз өнімдерді әртүрлі сауда үшін, кәсіби арна, мейрамханалар мен қонақ үйлердің, кейтеринг санаттары үшін шығарамыз.

Біз үшін Ақмола облысындағы жоба – негізгілердің бірі. Бұл Қазақстанның аграрлық саласындағы ірі жобалардың бірі, оған 250 млн артық доллар инвестицияланады және 2000-нан астам жұмыс орындар құрылады.
Бұланды ауданы мен Макинск қаласы, негізінде, Солтүстік Қазақстанның ет өндірісінің орталығына айналды. Ал Макинск құс фабрикасы енді қала құрушы кәсіпорын болып табылады.

Серик Толукпаев.jpg

Бізде қатысу өңірін дамыту бойынша қызықты бағдарламалар бар. Біздің бизнес қызметін орындауымыздан бөлек, біздің рөл, Холдингтің бағыты – ол Қазақстан халқына қызмет ету, ал миссиясы – ауылдық аумақтарды дамыту арқылы елдің тұрақты дамуы. Бізде Бұланды ауда-сатын қор бар. Олардың қатарында білім мен медицинадағы үлкен жобалар бар.

Өткізу нарығы жайлы айтар болсақ, онда оның негізгілері Қазақстанда орналасқан. Себебі біздің жобалардың негізгі міндеті – импорттың орнын басу. Орта мерзімді перспективада біз Ресейдің сібір өңіріне, Орта Азия елдеріне экспортты жоспарлап отырмыз. Әрине, біз неғұрлым шалғайдағы нарықтарды – Қытай, Моңғолия мен Вьетнамды ашуды ойлап отырмыз.

Мерейтой – ол әрқашан да мереке. Мен сіздерге Қазақстанның даму банкі өз тарихымен мақтануын тілеймін, себебі күш-әрқашан тарихта. Банк ұжымына елге деген махаббатты құр сөз деп емес, өзінің ішкі бағыты санайтын адамдармен толы ұжым болуын тілеймін.

Елдің гүлденуі үшін ҚДБ өз қолынан келетін де, келмейтін де барлық жағдайды жасайтынына мен де сенімдімін.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79