• kz

Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындары алюминий және мыс салаларында 4-ші және 5-ші қайта бөлуді игеруде

Саланың даму жолында алюминий өндірісі ерекше серпіліс жасады. Бұған 2010 жылы Павлодар облысында құрылысы Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық қолдауының арқасында жүзеге асырылған «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ екінші кезегінің ашылуы ықпал етті.
Казахстанский электролизный завод КЭЗ
Негізгі көрсеткіштердің өсуін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы да растап отыр. 2020 жылы отандық металлургиялық кәсіпорындар 5,7 трлн теңге өнімін өндірді, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 16,2%-ға жоғары. 2021 жылдың бірінші тоқсанында өнім шығару көлемі өткен жылдың көрсеткіштеріне қарағанда айтарлықтай өсті. 2021 жылғы қаңтар-сәуірде металлургия өнімдерінің экспорты 25,4%-ға артып, 3,7 млрд долларды құрады.

Сондай-ақ, «QazIndustry» өндіру секторындағы маңызды жобаларды атап өтті, олар алдағы уақытта бастапқы металдарды шығару қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, ҚДБ серіктесі KAZ Minerals Aktogay 700-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылатын жұмыс істеп тұрған сульфидті фабриканың құрылысын қайталау арқылы Ақтоғай КБК-нің қайта өңдеу қуаттарын кеңейту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыруда.
Казминералс
Бұдан басқа, ҚДБ қарыз алушысы  – «Жәйрем тау-кен байыту комбинаты» АҚ қолданыстағы өндірісті жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізуде, соның арқасында қосымша 381 жұмыс орны құрылатын болады.
57. Жайремский горно-обогатительный комбинат ЖГОК
Қара металлургияның жоғары бөліністерін дамытуға Қарағандыдағы ферросилиций өндіру зауытының («YDD Corporation» ЖШС) мамандары елеулі үлес қосты, оның құрылысы да Даму Банкінің қолдауымен 2019 жылы аяқталды. Қазір кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна өнімді құрайды, зауыт жоғары сапалы ферросилиций өндіретін ірі кәсіпорындардың әлемдік бестігіне кіреді.

Сонымен қатар, сараптамалық мәліметтерге сәйкес, республикадағы қорғасынның негізгі өңдеушісі «Қайнар АКБ» ЖШС болып табылады. ҚДБ қолдауымен кәсіпорын жеңіл, жүк автомобильдері, ауыл шаруашылығы техникасы үшін стартерлік қорғасын-қышқылды аккумуляторлар өндірісіне арналған шикізат пен материалдар сатып ала алды.

Толығырақ мына сілтеме бойынша оқыңыз https://agmpnews.kz/metally-iz-ognya-da-v-obrabotku/
ҚДБ жобаларының толық тізімімен Сіз біздің сайтымыздан таныса аласыз https://www.kdb.kz/kz/projects/on-financing/.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79