• kz

ҚДБ өңірлерде-Маңғыстау облысы

ҚДБ өңірде химия өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика салаларындағы бірегей қала құраушы жобалармен ұсынылған.

КазАзот.jpg

Қазақстандағы аммиак пен аммиак селитрасының жалғыз өндірушісі «ҚазАзот» АҚ мен ҚДБ арасындағы ынтымақтастық 2015 жылы басталды. Сол кезде Даму банкі дайын өнімді шығару бойынша жобалық қуаттылықты ұлғайта отырып, минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын жаңғыртуға компанияға 40,5 млрд теңге берді. «ҚазАзот» компаниясы ИИДМБ аясында қолдау алған алғашқы ұйымдардың бірі болды. Сондай-ақ ҚДБ кәсіпорынды экспорттық қаржыландыру арқылы экспорттық өткізу нарықтарындағы позицияларды дамыту мен нығайтуда қолдады. Бұл жолы қолдау сомасы үш миллиард теңгені құрады. Қазір аммиак селитрасын Украина, Ресей, Әзірбайжан, Грузия, АҚШ, Беларусь, Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан сияқты елдерге жөнелту жүзеге асырылуда. Мемлекеттік маңызды жобаның сәттілігі туралы 2020 жылы «КазАзот» компаниясы 2015 жылға қарағанда 5,5 есе артық салық төлегенін айтуға болады.

Морпорт.jpg

Өңір үшін тағы бір маңызды кәсіпорын – «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК» АҚ. ҚДБ-ның ұлттық компаниямен ынтымақтастығы «Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту» жобасын іске асырудан басталды. Жобаны сәтті іске асыру Маңғыстау облысын Қазақстанның оңтүстік-батысындағы көліктік-логистикалық хабқа айналу мақсатына жақындатты. Бүгінде Ақтау теңіз сауда порты - Қазақстан, Қытай, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия, Түркия және Оңтүстік Еуропа елдері арасындағы жүк тасымалын қамтамасыз етуге бағытталған Транскаспий халықаралық көлік бағдарының тең құқықты қатысушысы.

газопровод 3.jpg

Өңірдің көлік және логистика саласындағы ҚДБ қоржынын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жобасы толықтырады. «Өзен-Жетібай учаскесінде «Өзен-Ақтау» магистральдық газ құбырының резервтік желісін салу» инвестициялық жобасын іске асыру Маңғыстау облысының елді мекендерін газбен жабдықтаудың бұзылуына жол бермеуге, сондай-ақ «ҚазАзот» химия кешенінің және облыс және тұтастай ел экономикасы үшін маңызды стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар басқа да өнеркәсіптік объектілердің өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік берді. ҚДБ-ның қаржылық қолдауы 3,5 млрд теңгеден асты.

риксос актау.jpg

ҚДБ өңірдегі туризмнің дамуына да үлес қосты. Осылайша «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені құрылысының greenfield-жобасы қаржыландырылды. Кешен теңіз жағалауында жайлы демалуға, сондай-ақ Каспий теңізі акваториясында, Маңғышлақ түбегі мен Үстірт платосында саяхаттауға мүмкіндік береді. Маңғыстау туристік аймағы Қазақстанның туристификациясы Республикалық картасының Топ-10 нысанына енгізілген. Оның туристік аймақтың болжамды әлеуеті 2025 жылға қарай жылына шамамен 750 мың туристі құрайды. Өңірдің туристік саласының ҚДБ қолдау сомасы-42 млрд теңге.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79