• kz

#РахметҚДБ: «КазАзот» ЖШС

КазАзот.jpg
Банктің қолдауымен біз өнім шығарудың жобалық қуатын арттыра отырып, зауытты
жоспарға сәйкес жаңартуды аяқтадық. Атап айтқанда, өндірісті тәулігіне 30 мың тонна аммиак көлеміне дейін арттырдық. Сонымен қатар «ҚазАзотты» электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ететін өз газ-поршенді электр станциямызды салып, іске қостық.

Зауытта танктік және үрлеу газдарынан шыққан аммиакты кәдеге жарататын қондырғы салынды және қазіргі кезде тиімді қолданылуда. Кәсіпорынды өз шикізатымен қамтамасыз етіп отырған Шағырлы-Шөмішті газ кен орны игерілді.
Жобаның іске асырылуы компанияның қаржылық көрсеткіштерінің жақсаруына да себеп болды. 2020 жылы «ҚазАзот» компаниясы 2015 жылға қарағанда 5,5 есе артық салық төледі.

Біздің кәсіпорнымыз 2005 жылғы 11 қарашада Каспий маңы ТМК химиялық кешенінің негізінде құрылды. Ал бүгінгі күні «ҚазАзот» АҚ экспортқа бағытталған кәсіпорынға айналды. Өніміміздің шамамен 30 %-ы жыл сайын сыртқы нарықтарға жеткізіледі. Соңғы 5 жылдың ішінде біз аммиак селитрасын Украинаға, Ресейге, Әзірбайжанға, Грузияға, АҚШ-қа, Беларуське, Қырғызстанға, Түркіменстанға және Өзбекстанға жөнелттік.

Казазот

Банктің және оның ынтымақты ұжымының кәсіби жұмысының арқасында ҚДБ біздің стратегиялық серіктестеріміздің біріне айналды, біздің бүгін жетіп отырған нәтижелерімізге жетуге жағдай жасады. Жалпы айта келе, мемлекеттік институттар мен қолдау шараларының қазақстандық өндірістік компаниялардың дамуында маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өткіміз келеді. Бұл бағдарламалар кәсіпорындарға қуаттарды арттыруға және дайын өнім өткізу нарықтарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ірі кәсіпкерлік компанияларын қаржыландырумен қатар ҚДБ коммерциялық банктер арқылы соңғы қарыз алушыларды банкаралық несиелендіруді жүзеге асыруда. Бұл да қазақстандық кәсіпкерлерге керемет қолдау болып отыр. Атап айтқанда, «ҚазАзот» Даму банкінің қаржыландыру қызметтерін «ҚДБ Өндіріс» бағдарламасының аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы пайдаланып отыр.

Казазот

Банк ұжымына осы бір мерейтойлы жылында мықты денсаулық және әрі қарай даму үшін қажетті қажымас қайрат, барлық жоспарлары мен жобаларының табысты іске асырылуын, ертеңгі күнге нық сеніммен қарауын, әр қызметкердің жұмысына шығармашылық және бастамашылдық, алға қарай ұмтылу ниетін, ынтымақ және ұжымдық рух тілейміз.

Жобаларыңыздың барлығы еліміздің мақтанышына айналсын. Қазақстанның даму банкі сияқты мықты қаржы институтымен ынтымақтастығының арқасында өз мақсаттарын іске асыруға мүмкіндік алып жүрген ҚДБ клиенттерінің саны арта берсін!
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79