• kz

ҚДБ-де мәмілелерді құрылымдау кезінде даму индексі енгізілді: бұл нені өзгертеді?

Жанат Ансаганова.jpg

Даму индексі туралы егжей-тегжейлі айтып берсеңіз, неліктен оны енгізу қажет деген шешімге келдіңіз?

Жобаларды қарау кезінде ҚДБ жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсерлеріне үлкен көңіл бөледі. Жобаға салынған қаражаттың өтелімділігі сияқты кез келген банк ұйымының міндетті талаптарынан басқа, мемлекет пен қоғамның оны іске асыру салдарынан қандай пайда ала алатынын түсіну біз үшін өте маңызды. Демек, біз бұл әсерлерді мәмілені қарау кезеңінде бағалай бастаймыз. Осы мақсатта 2020 жылы Банкте жаңа көрсеткіш – даму индексі енгізілді, ол түрлі жобалардың іске асырылу саласына қарамастан, олардың әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалауға және оларды салыстыруға мүмкіндік береді. Яғни, егер жобаның даму индексі жоғары болса, бұл оның жоғары әлеуметтік-экономикалық әсерге ие екенін, егер даму индексі орташа немесе төмен болса, сәйкесінше әсерге ие екенін білдіреді.

Біз осы әсерді қаржыландыру үшін жобалардың басымдылығын, сондай-ақ жобаны қаржыландыру үшін қорландырудың қандай көзін пайдалану керектігін анықтау үшін басшылыққа аламыз. Егер жобаның даму индексі төмен болса, онда оған жеңілдікті қаржыландыру қолданылмайды. Даму индексінің құрамдас бөліктері жоба бойынша өнім шығаруды ұлғайту, еңбек өнімділігін арттыру, экспорттық түсімді ұлғайту, ел мен өңірдің экономикасына және тұрақты дамуына ықпал ету, жобаның оң экологиялық құрамдас бөлігі сияқты көрсеткіштер болып табылады. Сондай-ақ, біз жобаның бастамашысы кім екенін қарастырамыз: жеке компания ма, әлде квази-мемлекеттік сектор ма (жеке секторға басымдық беріледі). Барлық осы компоненттер белгілі бір өлшемшарттар бойынша бағаланады, содан кейін біріктірілген көрсеткіш шығарылады, Банктің уәкілетті органы оны ескере отырып шешім қабылдайды. Бүгінгі таңда несие желісін ашу туралы келісімде қарыз алушының Банк қаржыландырған жобаны іске асыру барысында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді сақтау жөніндегі міндеттемесі бар. Біздің серіктестеріміз жобаны іске асыру кезінде осы ковенанттарды сақтау керек екенін біледі, әсіресе бұл мемлекеттік қорландыру көздері есебінен қаржыландырылған жобаларға қатаң түрде қатысты.

Жаңа индекс барлық жобаларды құрылымдауда қолданылады ма және бұл Банк даму индексі төмен жобаларды қаржыландырмайды дегенді білдіре ме?

Біз даму индексін іске асыру саласына қарамастан барлық жобаларға қолданамыз.

Бұл ретте осы көрсеткішті енгізу Банк даму индексі төмен немесе орташа жобаларды қаржыландыра алмайды дегенді білдірмейді. Тек біз даму индексі төмен жобалар үшін қаржыландыру кезінде мемлекеттік қорландыру көздерін пайдаланбаймыз. Бұл ретте даму индексі төмен жобалар Банкке әлі түспегенін атап өту маңызды, әдетте ҚДБ-ға қаржыландыруды алу мақсатында орташа немесе жоғары көрсеткішпен келеді. Тиісінше, бізде жаңа индекс бойынша бас тарту жағдайлары болған жоқ.

Қоршаған орта факторлары жауапты инвестициялауда шешуші болып табылады, бұл ретте бүгінгі күні климаттың өзгеруі – институционалдық инвесторлардың көпшілігін алаңдатып отырған басты жүйелі тәуекелдердің бірі. Банк «жасыл жобаларды» қалай насихаттайды, ЖЭК жобалары үшін жеңілдіктер бар ма?

Жобалары жоғары даму индексімен сипатталатын жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласында Банктің жобалар қоржыны айтарлықтай кең. Жинақталған жұмыс тәжірибесі «жасыл» мәмілелерді жақсы түсінуге және осындай мәмілелерге байланысты барлық жобалық тәуекелдерді көруге мүмкіндік береді. Сондықтан технологиялық тәуекелдер бізге жақсы түсінікті болатын белгілі бір техникалық сипаттамалары бар ЖЭК саласындағы мәмілелерге қатысты біз жаңа екі сатылы құрылымдау схемасын (классикалық үш сатылы схеманың орнына) енгіздік. Қарастыру тәртібін қысқарта отырып, біз жоба бастамашылары үшін де, Банк үшін де уақыт пен материалдық шығындарды қысқартуға тырысамыз. ЖЭК жобаларымен жұмыс істеудің осы схемасы таяуда ғана енгізілген, бірақ біз ол бойынша Қостанай облысында қуаты 50 МВт ЖЭС салу жөніндегі мәмілені қарадық және мақұлдадық, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында және Алматы облысында жалпы қуаты 150 МВт болатын екі ЖЭС салу жөніндегі мәмілелерді қарастырып жатырмыз.

Қазіргі кезеңде Банктің әлеуметтік-экономикалық әсер бойынша қорытындылары қандай?

Жалпы алғанда, өзінің 20 жылдық жұмысы ішінде Банк елдің барлық өңірлерінде ұлттық экономиканы дамыту және әлеуметтік ахуалды жақсарту бойынша аса зор көрсеткіштерге қол жеткізді: ҚДБ қаржыландыруының арқасында 31 мың жаңа жұмыс орны құрылған 123 кәсіпорын пайдалануға берілді және жаңғыртылды. Мәселен, 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ҚДБ қазіргі клиенттерінің пайдалануға берілген жобалық қуаттылықтарында – бұл 47 инвестициялық жоба және 16 экспорт алдындағы операция, сондай-ақ 3,3 трлн теңге сомасына өнім өндірілді және сатылды. Мұндай үлкен санның нені білдіретінін түсіну үшін оны ЖІӨ көлемімен салыстыруға болады – бұл шамамен 5%. Бұл ретте, Банк экспорттық операцияларды қаржыландыра отырып, қазақстандық кәсіпорындар өнімінің экспортын ынталандыратындықтан, қызмет еткен барлық уақыт ішінде біз қазақстандық өндірушілер өнімінің экспортына 2 трлн теңгеге ықпал еткенімізді атап өтпеуге болмайды, ал бұл Қазақстанның ЖІӨ-нің шамамен 3%-ы.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79