• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ әлем елдерінің импорттық бейіні бойынша статистикалық ақпаратты талдаудың жаңа құралын іске қосты

Интерактивті аналитикалық портал жедел режимде Қазақстанның сауда серіктестері туралы мәліметтерді, ЭҚТЖЖ-ға сәйкес санаттар, қайта бөліністер, салалар бөлінісінде, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 2, 4 және 6 белгілері деңгейінде шет ел импортының құрылымы бойынша егжей-тегжейлі деректерді алуға мүмкіндік береді. Аналитикалық порталдың қосымша ерекшеліктеріне таңдалған ел бойынша берілген жыл ішінде импортталатын шикізаттық және энергетикалық емес «тауарларды – өсім көшбасшыларын» айқындау, сондай-ақ жаһандық трендтерді айқындау мүмкіндігін жатқызуға болады.

Аналит портал

Аналитикалық портал UN Comtrade, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері негізінде жұмыс жасайды. Портал 2013 жылдан бастап соңғы қолжетімді уақыт кезеңі (UN Comtrade деректерінің қолжетімділігіне қарай) аралығындағы ақпаратты ұсынады.

Аналитикалық портал Банктің ресми сайтында «Аналитика» бөлімінде орналасқан.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИД МБ) ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz).

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Қоғаммен байланыс қызметі 8 (7172) 79 26 08, pressa@kdb.kz (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79