• kz

ҚДБ Душанбеде ШЫҰ БАБ дамытудың жаңа Стратегиясына қол қойды

МБО ШОС

Бүгін Тәжікстанның астанасы Душанбеде ШЫҰ Банкаралық бірлестігі кеңесінің мерейтойлық отырысы өтті, оған ұйымға қатысушы елдердің барлық даму банктерінің өкілдері қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ШЫҰ БАБ одан әрі дамытудың орта мерзімді перспективасына, атап айтқанда 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясына қол қойды. Қазақстан Даму Банкінің делегациясын Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов басқарды, оның құрамына Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев, Басқарушы директор Ботагөз Әбішева және Қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Адина Берікқызы кірді.

Жаңартылған стратегия коронавирус пандемиясынан туындаған күрделі жағдайларда ШЫҰ мемлекеттерінің экономикаларын дамыту үшін жаңа тетіктерді пайдалануды білдіретін мәселелердің кең ауқымын қамтиды. Мысалы, ШЫҰ-ға қатысушы елдердің даму банктерінің өкілдері өңірдің көлік-коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту, инфрақұрылым мен электрондық сауданы дамыту, инновациялық және энергия үнемдейтін, сондай-ақ «жасыл» технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды іске асыруда бірлескен белсенді өзара іс-қимыл туралы уағдаласты. Осы бағыттардың көпшілігі бұрын өткен жылы қабылданған пандемия зардаптарын еңсеру жөніндегі Жол картасына енгізілген болатын.

«Бұл – пандемия зардаптарын еңсеру, инклюзивті экономикалық даму үшін жағдай жасау, сауда мен инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралардың тұтас кешенін көздейтін маңызды құжат. Әрине, оны жүзеге асыруға тағы бір маңызды қоғамдық алаң ретінде БАБ пен ШЫҰ Іскерлік кеңесінің күш-жігерін біріктіру ықпал ететін болады», - деп атап өтті өз сөзінде ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов.

Дамудың жаңа стратегиясы аясында мемлекеттер ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейтуге, сондай-ақ өзара есеп айырысуды жүзеге асыру процесінде қауіпсіздік пен икемділікті елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік беретін баламалы банкаралық коммуникациялық жүйелерді белсенді қолдануға ниетті.

Даму банктерінің өкілдері жаңа шынайылық жағдайында цифрлық экономика, e-commerce және big data салаларында тығыз ынтымақтастықты дамыту қажет екенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстанның Даму банкінің өкілдері бизнес өкілдеріне елдің және оның өңірлерінің сыртқы сауда қызметі бойынша егжей-тегжейлі талдау алуға көмектесуге арналған машиналық оқыту алгоритмдерін және үлкен деректерді пайдалана отырып, ішкі Талдамалық сараптаманы дамыту бойынша өз әзірлемелерін, сондай-ақ Қазақстанның сауда серіктестері туралы мәліметтерді, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 2, 4 және 6 белгілері деңгейінде санаттар, қайта бөліністер, салалар бөлінісінде шетелдік ел импортының құрылымы бойынша деректерді ұсынды.

МБО ШОС

«ШЫҰ-ға қатысушы елдер үшін экспортты әртараптандыру мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, ҚДБ біздің жұмысымыздағы талдамалық негізді дамыту бойынша ШЫҰ БАБ-қа мүше банктермен өзара іс-қимыл жасауға дайын екендігін білдіреді және сіздерді біздің ресми сайттағы ҚДБ Талдамалық порталымен танысуға шақырады», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

Сонымен қатар, Абай Сарқұлов қаржыландыруға өтінімдерді автоматтандыру бойынша жұмыстың және уәкілетті органдардың жұмысының нәтижелерімен бөлісті, сондай-ақ 2021 жылғы ҚДБ қызметінің нәтижелері туралы әңгімеледі.

Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ Банкаралық бірлестігі Кеңесінің ағымдағы кездесуі 2021 жылғы мамырдағы ШЫҰ БАБ сарапшылары мен үйлестірушілерінің кездесуінің қисынды жалғасы болды. Онда ШЫҰ диалогы бойынша бақылаушы мемлекеттер мен серіктестердің қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейту, ұйым кеңістігінде және Азия өңірінде жұмыс істейтін халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл, инвестициялық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау, кеңестің кезекті отырысының мерзімдері мен күн тәртібін келісу мәселелері талқыланды.

«Біз Банкаралық бірлестік ШЫҰ аясында банктік-қаржылық және инвестициялық өзара іс-қимылдың негізгі құралы болып табылатынын түсінеміз, сондықтан ҚДБ ұйымға қатысушы мемлекеттердің қолданыстағы және жаңа серіктестерімен ынтымақтастықты барынша кеңейтуге тырысады. ШЫҰ Банкаралық бірлестігі шеңберіндегі даму банктерінің өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты деңгейдегі жұмыс өңірлердің интеграциясы мен үдемелі дамуына ықпал етеді және біз ынтымақтастықтың қазіргі тетіктері өзара тиімді жұмысты одан әрі жандандыру үшін жақсы алаң болып табылатынына сенімдіміз», - деп толықтырды ҚДБ басшысы Абай Сарқұлов.

Абай Саркулов.jpg

ШЫҰ – Ресей, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан қатысушылары болып табылатын өңірлік халықаралық бірлестік, ал БАБ құрамына Қазақстанның Даму Банкі, Қытайдың мемлекеттік даму банкі, Внешэкономбанк, Тәжікстанның Ұлттық Банкі және Өзбекстанның сыртқы экономикалық қызметінің Ұлттық Банкі кіреді. Биыл ШЫҰ өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Ертең Тәжікстанның төрағалығымен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық саммиті өтеді. Душанбеде ұйымның саясат, қауіпсіздік, экономика және мәдени-гуманитарлық алмасулар саласындағы 20 жылдық қызметін қорытындылау үшін қатысушы елдердің көшбасшылары жиналады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79