• kz

«Welcomeaboard»: Қазақстан даму банкіне қош келдіңіз!

«Taiburyl» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстанның Даму Банкі ұйымдастырған «Керек адам» акциясы аясында қазақстандық жоғары оқу орындарының жиырма төрт түлегі тағылымдаманы сәтті аяқтап, олардың жетеуі таңдаған мамандығының оң-терісін таразыға салып, еліміздің ірі стратегиялық өнеркәсіптік объектісі – Ақтөбе рельс-арқалық зауытына жұмысқа орналасқанына шамамен екі жыл болды. Жаңадан құрылған мамандар ұйымдастырушыларға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіріп, құрылысын ҚДБ қолдаған жобаны ішінен зерттей бастады.

ҚДБ командасы жобаның қатысушысы Динара Серкебайдан қанатына астына алған студенттердің одан арғы тағдыры туралы сұрады. Зауытта жұмыс істеген екі жыл ішінде өз-өзіне сенімді болған құнды білім иесі ҚДБ ұсынған мүмкіндіктің болашаққа есігін айқара ашқанымен бөлісті. «Университетті бітірген және қолында тек техникалық білім туралы дипломы бар және жұмыс тәжірибесі жоқ студент үшін ақылы тағылымдама – бұл болашаққа лотерея билеті сияқты. Менің жолым болды. Мен ҚДБ байқауына үн қатып, өз грантымды жеңіп алдым. Осылайша, мен өз орнымды таптып, өте жылы және жайлы ұжыммен таныстым, ұжым мен үшін екінші отбасына айналды», - деп атап өтті «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС қызметкері Динара Серкебай.

ҚДБ елдің зияткерлік капиталын өсіру дәстүрін ағымдағы жылы да жалғастырды. Сонымен, «Назарбаев Университеті» ДБҰ-мен бірге Даму Банкі университет түлектері арасында «DBK Case Competition» жаңа конкурсын бастады. Бұл жолы байқауға еліміздің жетекші жоғары оқу орнының алты түлегі қатысты және жеңімпазға Мемлекеттік даму институтының бір бөлігі болу мүмкіндігі ұсынылды, атап айтқанда талдау және мәмілелерді құрылымдау блогындағы бос орын ұсынылды. Айта кетейік, байқауға 2020-2021 жылғы экономика және қаржы мамандығының түлектері қатысты. Таланттар байқауы үш кезеңде өтті: тестілеу, ситуациялық талдау және әңгімелесу.

Конкурстық іріктеу аяқталды, енді ҚДБ командасын жаңа жас қызметкер Найля Гафур толықтырды:

«Мен үшін ҚДБ-дегі жұмыс – бұл Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосып, ел мен қоғам үшін пайдалы болу мүмкіндігі. Мамандығым бойынша экономист бола отырып және экономика мен қаржы салаларына үлкен қызығушылыққа ие мен үшін банкте өз білімімді қолдануға және оларды жетілдіруге мүмкіндігім болады деп ойлаймын. ҚДБ қандай ауқымды және күрделі жобалармен айналысатынын ескере отырып, бұл өте қызықты тәжірибе болатынына және мен көп нәрсені үйренетініме сенімдімін».

Айта кету керек, бүгінде кадр нарығындағы үрдістер айтарлықтай өзгерді: енді жұмыс іздеушілер өздері жұмыс істейтін компанияларды көбірек таңдайды. Әсіресе, қазір қоғам үшін компаниялардың қандай құндылықтарды алға тартатыны маңызды болған кезде, олардың даму стратегияларының бағыты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке (КӘЖ) бағытталған. Қазақстанның Даму Банкі де елден бөлек қалмады, керісінше, осы бағытта мемлекеттік даму институты түлектерге жаңа жұмыс орындарын ұсына отырып, оның серіктестері – қарыз алушылар ұмтылатын жаңа трендтерді белгілейді.

Садыкулов А.

«Қазақстанның Даму Банкі үшін басты капитал – бұл адамдар және олардың дамуы. Бүгінгі таңда кадрлық аштықтың тенденциясы болған кезде адам капиталына инвестицияларды асыра бағалау қиын. Біз даму институты ретінде өз ісінің кәсіби мамандарына қаражат салуға және жас кадрларды дамытуға әрқашан дайынбыз. ЖОО студенттерін қолдау біз үшін жақсы дәстүрге айналды, өйткені жас мамандар кез-келген қызметке жаңашылдық пен прогресс әкеледі. Адами капитал – жаңғыру негізі. Мәселен, ҚДБ-да «Идеялар банкі» әлеуметтік бағдарламасы аясында әрбір жаңа инновациялық идея ақшалай сыйақымен көтермеленеді. Біз Қазақстанның болашақ дамуын өзіне жүктеген қызметкеріміздің әрбір жеңісіне шын жүректен қуаныштымыз», - деп бөлісті аппарат басшысы Асқар Садықұлов.

Асқар Садықұловты ҚДБ-ның барлық жаңа қызметкерлері жақсы біледі. Ол әрбір жаңа қызметкерді «Welcome aboard»: ҚДБ-ға қош келдіңіз» деген сөздермен бірінші болып қарсы алады, олармен жылы әрі тәлімгерлік әңгіме өткізеді. «Жаңа» қызметкерлер мұндай дәстүрлі жылы және мейірімді қабылдауды жадында сақтайтындығымен бөліседі.

Банкте мұнымен ғана шектелмейді, тіпті банк басшысының жаңа қызметкерімен жеке сәлемдесу дәстүрі бар. Осылайша, ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов тұрақты негізде жаңадан орналасқан қызметкерлермен жеке кездесулер өткізеді, олардың жоспарларына, ұлттық институтпен танысу тарихына қызығушылық танытады. ҚДБ-да мұндай тәсіл тез әрі табысты бейімделуден өтуге мүмкіндік беретініне және оларды өз елінің игілігі үшін барлық міндеттерді адал орындауға итермелейтініне сенімді.

Осылайша, ҚДБ адами әлеуетті дамытудың флагманына айналды. Банкте ұрпақтар сабақтастығына, менторингке және ішкі жаттықтырушылар институтын енгізуге ерекше көңіл бөлінген, тіпті тәлімгерлік үшін көтермелеу бағдарламасы да қарастырылған. ҚДБ менторлары – өздерінің баға жетпес уақыты мен күшін даму институтының қалыптасуына арнаған, тәжірибе мен машықтарды беретін қызметкерлер. Олардың көпшілігі банкте ұзақ уақыт жұмыс істейді және жаңа қызметкерлермен білімді қуана бөліседі.

аа.jpg

«ҚДБ-да банктің корпоративтік мәдениеті мен құндылықтары жоғары бағаланады. Ал ҚДБ-ның басты құндылығы – оның ұйымшыл командасы, патриотизмі мен игі істері. Мұнда мақсаттары елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты ұлттық институттың қалыптасуындағы әрбір қызметкердің рөлі ерекше бағаланады. Мен ҚДБ-да өз ісі мен Отанының нағыз патриоттары жұмыс істейді деп нық сеніммен айта аламын, олар ешқашан қандай да бір проблемадан тыс қалмайды. Мен осындай командамен Қазақстанның болашағы сенімді қолда екенін білемін», - деді С. Садықұлов.

Имиджевое фото

Банк өз алдына кадрлар ұстаханасына айналды: банкте жұмыс істей бастаған көптеген қызметкерлер ҚДБ-дағы қызметтік баспалдақтан сәтті көтерілді, ал олардың кейбіреулері басқа банктік және мемлекеттік құрылымдарда жоғары лауазымдарды атқарады. Бұл, сөзсіз, Банктің елдің адами капиталын дамытуға қосқан үлкен үлесі.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79