Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық, бірлескен жобаларды қаржыландыру, өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасудың перспективалық жолдарын талқылады. Банктердің міндеті бір – өз өңірінің шикізаттық емес экспорттаушыларын қаржылық қолдау, шетелдік нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Қазақстанның Даму банкінің өкілдері ресейлік әріптестерімен экспорттық операциялар мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәжірибесімен бөлісті.
Екі даму институтының стратегиялық серіктестігі мемлекеттеріміздің бизнесін дамытуға, атап айтқанда, елдеріміздің өзара сауда-экономикалық айналымын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгін мандат аясында Қазақстанның Даму Банкі отандық экспорттаушыларға қолдау көрсетеді және біз үшін жетекші ресейлік банктің тәжірибесі қызықты.
РОСЭКСИМБАНК пен Қазақстанның Даму Банкінің ынтымақтастығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Біз ынтымақтастықты кеңейтудеміз, Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлеріне жоғары технологиялық және озық салаларда бизнесін дамытуға, маңызды халықаралық жобаларды іске қосуға және табысты іске асыруға қолғабыс болатын жұмыстың жаңа нысандарын қолдануға тырысамыз.