• kz

ҚДБ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕГА ЗАУЫТТАРЫ» фотобайқауы аясында дауыс беруді ашты

Атыраунефшемаш

Бірінші кезеңде 40-тан астам жұмыс жиналды (нақты саны 47), олар жеңіс пен ақшалай сыйлықтар үшін жарысады.

Келесі қадам – дауыс беру. Дауыс беруге кез келген пайдаланушы қатыса алады. Фотобайқаудың бір санаты бойынша бір рет дауыс беруге болады. Дауыс беру 10 қарашада аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның Мега зауыттары» фотобайқауы 30 маусымда басталды. Байқаудың мақсаты – отандық әлеуетті қалыптастыратын және елді жаңа деңгейге көтеретін Қазақстанның ауқымды жобаларын көрсету. Фотобайқауға қатысушылар 2021 жылдың 10 қазанына дейін Даму Банкі қаржыландырған кез келген өндірістік кәсіпорынның өміріндегі динамикалық технологиялық процесті немесе қызықты сәтті бейнелейтін 3-тен аспайтын жұмысты жіберуі керек еді.

 ФОТОБАЙҚАУ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:

  • Кәсіпорын қызметкерлерінің үздік фотосуреті – 100 000 теңге;
  • Кәсіпорын өнімдерінің үздік фотосуреті – 100 000 теңге;
  • Зауыттың үздік фотосуреті – 100 000 теңге.

Конкурстық фотосуреттер ашық дауыс беру үшін Даму Банкінің корпоративтік сайтында орналастырылады (https://www.kdb.kz/pc/konkurs-mega-zavody-brk/luchshee-foto-zavoda). Әр номинация бойынша жеңімпаздар 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады.

 Фотобайқаудың қорытындылары 2021 жылғы 15 қарашада жарияланып, Даму Банкінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылатын болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79