• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ клиенттермен мерейтойлық кездесу өткізді

u.jpg

Еліміздің өнеркәсіптік шикізаттық емес секторын қолдайтын Қазақстанның Даму Банкіне 31 мамырда 20 жыл толды. Биылғы жылы ҚДБ мерейтойы ортақ мақсаттар мен стратегиялық міндеттердің ажырамас байланысын көрсететін егемен Қазақстанның құрылуының 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Клиенттермен кездесу ҚДБ көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуға және Банктің орта және ірі отандық бизнес өкілдерімен өзара тиімді ынтымақтастығының келешегін тәжірибелік тұрғыдан белгілеуге арналған. Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен 60-тан астам бизнесмендер қатысты.

2021 жылғы қызмет нәтижелері туралы айта отырып, ҚДБ басшысы Абай Сарқұлов 31 қазандағы жағдай бойынша банктің кредиттік қоржыны 1 873,3 млн теңгені құрағанын атап өтті. Осы уақыт ішінде Банк өңдеу өнеркәсібі мен инфрақұрылымға 250,6 млрд теңге инвестициялады. Ағымдағы жыл ішінде ҚДБ 5 жобаны пайдалануға енгізді: Керуен-Сарай көпфункционалды туристік кешені, Жәйрем тау-кен байыту комбинаты, Тұрғысын су электр станциясы, Шымкент химия компаниясы және Сарыарқа ферроқорытпа зауыты бар Қаз Карбон байыту фабрикасы. Бұл ретте есепті кезеңде жаңартылатын энергетика, ақпарат және байланыс, тамақ өнеркәсібі, химия, газ-химия өнеркәсібі және металлургия сияқты салаларда 670,8 млрд теңге қарыз сомасына 12 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

Абай Саркулов

«Қазақстанның Даму Банкінің 20 жылдық мерейтойы егемен Қазақстанның құрылғанына 30 жыл толуымен атап өтіледі. Осы жылдар ішінде Банк уақыттың талаптары мен сын-қатерлеріне сәйкес болу үшін бірнеше рет өзгерді. Бүгін біз қарқынын төмендетпейміз. Біз алдымызға өршіл мақсаттар қоямыз. Мемлекет алға қойған міндеттер Қазақстанның Даму Банкін экономикалық реформалардың алдыңғы қатарына шығарады. Банктің табысы мен көрсеткіштері - бұл біздің бірлескен еңбегіміз», - деді Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

Қазақстан Республикасының сыртқы саудасына шолу бойынша банктің өзіндік әзірлемесі – талдау порталының тұсаукесері кездесудің басқа маңызды тақырыбына айналды. Портал сыртқы сауда айналымы туралы жиынтық ақпарат алуға мүмкіндік береді: экспорт және импорт туралы жедел деректер, қандай өңірлер белгілі бір өнімнің экспорттық ағынын қамтамасыз ететіні және қандай елдерге экспортталатыны туралы деректер қамтылады.

Рахимжан Сатаев

«Біздің әзірлемелеріміз – кәсіпкерлерге өтеусіз көмек. Бұл әсіресе пандемия кезінде жаңа өткізу нарықтарын немесе даму үшін жаңа тауашалар мен өсу нүктелерін іздеуге мәжбүр қазақстандық кәсіпорындар үшін қызықты болуы мүмкін. Мысалы, «Экспорт» - «Өңірлер бойынша экспорт» бөлімінде өнімнің белгілі бір түрін таңдап, интерактивті картадан өнімнің қандай көлемде экспортталатынын және экспорттың жалпы көлеміндегі осы аймақтың үлесін көруге болады. Біз іске асырылған портал жедел сауда статистикалық ақпаратты ұсынумен қатар, кәсіпкерлерге жаңа тауашалар табуға, қандай да бір тауарды өндіру келешегін талдауға және оған ішкі нарықта да, сондай-ақ шетелдік нарықта да әлеуетті сұраныс деңгейін бағалауға көмектеседі деп үміттенеміз», - деп атап өтті ҚДБ Басқарушы директоры Рақымжан Сатаев.

Порталдан басқа, банк клиенттеріне Даму Банкінің жаңартылған стратегиясы таныстырылды. Құжат Банктің әлемдегі тез өзгеретін экономикалық жағдайға жауап беруінің бір түрі болды. Ағымдағы шындықпен өзектендірілген ҚДБ-ның 2023 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары үш басты бағытқа негізделеді: бизнеспен әріптестікте ұлттық экономиканың өсуіне жәрдемдесу, бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын басқару, сондай-ақ операциялық қызметті жетілдіру. Осылайша, Енді ҚДБ пайымының басты бағыты қосылған құны жоғары бәсекелі өнімнің үлесін ұлғайту және қазақстандық өндірістің экспортталатын тауарларының номенклатурасын кеңейту арқылы отандық бизнесмендермен ынтымақтастықты нығайту жағына ауысты.

Банк жаңартылған стратегия аясында орта және жоғарғы қайта бөлу тауарларын өндіру бойынша жобаларды ұлғайтуға баса назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібін дамытуды қолдау бойынша негізгі міндет қойды. 2023 жылдың соңына қарай өңдеу өнеркәсібі бойынша кредиттік қоржын құрылымындағы осындай жобалардың санын 35%-ға дейін ұлғайту, сондай-ақ өңдеуші өндірістер мен инфрақұрылымды дамытуға шамамен 1,5 трлн теңге салу жоспарда бар. Сонымен қатар, Банк жаңа даму стратегиясында экспортталатын өнімді әртараптандыруға баса назар аудара отырып, отандық экспорттаушыларды қолдауға ерекше назар аударады.

Кездесу барысында банктің топ-менеджменті клиенттерді тағы бір жаңалықпен – онлайн режимінде әлеуетті қарыз алушыларға қажетті құжаттарды тапсыруға және қол қоюға, өтінімдердің мәртебесін қадағалауға мүмкіндік беретін «Қарыз алушының виртуалды жеке кабинетімен» таныстырды. Қарыз алушының кабинеті жобаларды қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдау жылдамдығын арттыруға және ҚДБ қызметкерлерімен қарым-қатынасының ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Дамегуль Жургенбаева

«ҚДБ үшін клиенттермен өзара іс-қимыл жасау мәселесі пандемияға дейін көтерілді және бұл біздің клиенттеріміздің географиялық орналасуына байланысты болды. Біздің филиалдарымыз да, өкілдіктеріміз де жоқ, сондықтан біз 2019 жылы жеке кабинетімізді іске қостық», - деп хабарлады Бизнес-үдерістер департаментінің директоры Дәмегүл Жүргенбаева.

Маркетингтік және техникалық талдау кезіндегі өзара іс - қимылдың ерекшеліктерін, сондай-ақ жобалық ұсынысты дайындау жөніндегі кеңестерді Ақпараттық-жинақтау жұмысы басқармасының бастығы Ержан Исабаев пен Техникалық талдау басқармасының бастығы Алим Қызылбаев ұсынды. Кәсіпкерлер өздерінің жоспарларындағы барлық ыңғайсыз тұстарды анықтауға, жобаларды іске асыру басталғанға дейін жетілдіруге және нәтижесінде қаржылық шығындарды болдырмауға мүмкіндік беретін осындай консультациялық көмекті оң бағалады.

Алдағы ҚДБ-дағы өзгерістердің ең бастысы - банкпен өзара қарым-қатынас философиясының өзгеруі. Бұл туралы Мәмілелерді талдау және құрылымдау департаментінің директоры Жанат Аңсағанова айтты.

Жанат Ансаганова

«Бұрын бізде ойлаудың осындай парадигмасы болатын: ҚДБ-кредитор, ал клиенттер - қарыз алушылар. Біз бұл түйсікті ҚДБ мен қарыз алушы ұзақ мерзімді әріптестер екендігіне ауыстыруды ұсынамыз. Біз - корпоративтік басқару тәжірибесін өзара жақсартатын әріптестерміз, - деп атап өтті талдаушы. - Бізде кейбір қарыз алушылар қаржыландыру алуда қиындық көрмейді. Олар біздің жұмысымыздағы қағазбастылықты - жұмыстағы міндетті элемент санайды, сайып келгенде, бұл бәріне қажет. Біз өз клиенттерімізге осы парадигманы ұстануды ұсынамыз. Біз – серіктестерміз. Біз сіздің барлық өтінімдеріңізді жобадағы жағдайды қалай жақсартуға болатындығы тұрғысынан қарастырамыз.»

Республиканың түкпір-түкпірінен 60-тан астам бизнесмен қатысқан іс-шара соңында қонақтарға өткен жылдардағы маңызды жетістіктер мен оқиғалар жинақталған Банктің мерейтойлық кітабы таныстырылды. 

w.png

Мысалы, 20 жыл ішінде Даму Банкінің 3,3 трлн теңге қатысуымен жалпы құны 7,5 трлн теңге болатын 125 инвестициялық жобаның өндірістік қуаттары іске қосылды. Кәсіпорындардың іске қосылған қуаттарында шамамен 31 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Жылнамада Банктің барлық басшыларының, акционерлерінің, тәуелсіз директорлары мен серіктестерінің құттықтаулары жинақталған.

Кездесуде клиенттер банк қызметкерлеріне көпжылдық сенімді ынтымақтастық, жан-жақты қолдау және кәсібилік үшін алғыстарын білдірді.

w.png

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі 8 (7172) 79 26 08, pressa@kdb.kz (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79