• kz

Екібастұзда жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы басталды

Экибастузский ферр завод

Жоба әрқайсысы 94,5 МВА-дан 4 пеші бар заманауи зауыт салуды көздейді. Осы пештердің ең жоғары өндірістік қуаты жылына 240 000 тонна жоғары сапалы ферросилицийді құрайды. Толық автоматтандырылған жаңа кәсіпорынды іске қосу 2023 жылға жоспарланған, зауыт ферросилицийге деген жаһандық сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС компаниясы өз өнімдерін Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка нарықтарында сатуды жоспарлап отыр. Дайын өнімді өткізуге тиісті келісімдер мен оффтейк келісімшарттар жасалды. Алдын ала есептеулерге сәйкес, экспорттың құндық көлемі жылына 76 млрд теңгені құрайды.

Ерлан Нигматулин

«Кәсіпорын Екібастұз қаласын жаңғырту үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаның құны 92,2 млрд теңгені құрайды, акционерлердің қатысу үлесі - 20%. Жоба экологиялық таза болып табылады, өйткені қалдықтардан микрокремнез өндіріледі, ол да әлемдік нарықта жүзеге асырылады. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 240 мың тоннаны құрайтын болады. Жаңа зауыттың өнімі әлемдік стандарттың барлық талаптарына толық сәйкес келеді және 100% экспортқа бағдарланған. Біз алдымызға өршіл мақсаттар қоямыз – экспорт географиясын әлемнің 52 еліне дейін ұлғайту және ферросилицийдің әлемдік нарығында көшбасшылық позицияға ие болу. Бұл өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді және қаланың білікті техникалық мамандарын ұстап қалуда маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті "EkibastuzFerroAlloys" ЖШС акционері Ерлан Нығматулин.

Жаңа кәсіпорын "Екібастұз ГРЭС-1" ЖШС-нің жанында орналасады, бұл шикізат пен электр энергиясы көздеріне жақын орналасқандықтан өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Абылкаир Скаков.jpeg

«Осыдан бір ай бұрын Павлодар облысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев моноқалаларды дамыту бойынша жұмыс сапарымен болып, кеңес өткізді. Естеріңізге сала кетейік, биыл Мемлекет басшысы біздің моноқаламыз – Екібастұзды дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл жоспардың ірі инвестициялық жобаларының бірі «EkibastuzFerroAlloys» компаниясы жүргізетін қуаты жылына 240 мың тонна ферроқорытпа өндіру зауытының құрылысы болды. Айта кету керек, оны жүзеге асыру Екібастұзды дамыту жоспары бекітілгеннен кейін бірден басталды. Бұл Президенттің ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалғанын көрсетеді. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында заманауи кәсіпорын құрылысының басталғаны туралы хабарлау екі есе жағымды. Осы жобаны іске асыру 800 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және 92 миллиард теңге инвестиция салуға кепілдік береді. Жаңа кәсіпорынның жұмысы есебінен ферросилицийдің шикізаттық емес экспорт көлемі 4 есе өседі деп күтілуде. Жоба республикалық Индустрияландыру картасына және Павлодар облысының 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы экономиканы әртараптандыруға және біздің аймақтың, сонымен қатар жалпы елдің дамуына жағымды әсер ететініне сенімдімін», - деп атап өтті өз сөзінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Давид Кемертелидзе.jpg

«Ферросилиций нарығы тұрақты, өйткені ол ірі тоннажды ферроқорытпалар класына жатады. Оның жаһандық қажеттілігі тұрақты болып қалады, сондықтан біз бұл бағытты өте перспективалы деп санаймыз. Екібастұзда кадрлық әлеуеттің болуы да жобаны табысты іске асырудың кепілі болып табылады. Бұл жоба табысты болатынына және белгіленген мерзімде іске асырылатынына сенімдімін. Осындай ірі инвестициялық жобалардың болуы және оларды іске асыруға инвесторлардың белсенді қатысуы Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалды, сондай-ақ Үкімет тарапынан инвесторлардың орасан зор қолдауын кезекті рет айғақтайтынын жеке атап өткім келеді», - деп атап өтті «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС акционері Давид Кемертелидзе.

Оның айтуынша, өнімнің өзіндік құнындағы қазақстандық қамту үлесі 96%-ды құрайды, себебі өндіріске арналған негізгі ресурстар Павлодар облысында оқшауландырылған.

Кәсіпорын құрылтайшыларының айтуынша, зауыттың техникалық жабдықталуы барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін болады. Дәл осындай жүйе бойынша Қарағанды қаласында – «YDD Corporation» ЖШС және «Qaz Carbon» ЖШС ұқсас жобалары іске асырылды.

Абай Саркулов

«Екібастұзда жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы акционерлер тобымен бірлескен алғашқы жобамыз емес, бұрын Қарағанды облысында ферроқорытпа зауыттары мен агломерациялық фабрикаларды іске қосу кезінде де бірге қызмет жасаған болатынбыз. Екі жоба да өңір үшін ғана емес, бүкіл ел үшін табысты, экономикалық тұрғыдан қалыптасқан және әлеуметтік маңызы зор. Сондықтан да бізде бар тәжірибе мен құзыреттер қазақстандық металлургияны әлемдік индустрияның мүлдем жаңа деңгейіне шығара алатын осы жобаны табысты іске асыруға көмектесетініне күмәніміз жоқ», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов.

WhatsApp Image 2021-12-06 at 17.09.13.jpeg

Қазақстанның Даму Банкі жобаның әлеуметтік құрамдас бөлігіне ерекше назар аударатындықтан, ҚДБ басшысы Екібастұздағы жаңа зауыттың даму индексі жақсы екенін айтты. Әрине, зауыт экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік жағынан да аймақтың дамуына жағымды әсер етеді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу, сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ҮИИД МБ) ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz). ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

«EkibastuzFerroAlloys» ЖШС – ҚР заңнамасына сәйкес құрылған, ферросилиций шығаратын зауыт құрылысы бойынша жобаны іске асыру мақсатында 2021 жылдың мамыр айында негізі қаланған заңды тұлға.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі» +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz).
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79