• kz

ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары болып Ботагөз Әбішева сайланды

Ботагоз Абишева

Ботагөз Әбішева жаңа лауазымда халықаралық инвестициялық банктермен, Банк инвесторларымен, кредиторларымен жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру мәселелеріне жетекшілік етеді, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау және есеп саясаты, операциялық қызмет, қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнату, стратегия және корпоративтік даму, қоғаммен байланыс мәселелері бойынша ҚДБ қызметіне басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыратын болады.

Ботагөз Әбішева 1976 жылы 2 қыркүйекте дүниеге келген. 1993-1997 жылдары Қазақстанның Құқықтану және Халықаралық қатынастар институтында (ҚҚХҚИ) «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім алды. 2013-2014 жылдары Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде оқуын жалғастырды, мамандануы – қаржы, онда 2018 жылы Экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2020-2022 жылдары Renmin University of China, IMBA (Пекин, ҚХР) бітірді.

Ботагөз Әбішеваның банк саласында үлкен тәжірибесі бар, ол кәсіби қызметін 1998 жылы ТұранӘлем Банкінің халықаралық департаментінде бастаған. 2003-2007 жылдар аралығында Қытайдың Пекин қаласындағы ТұранӘлем Банкінің Банкинг жөніндегі директоры–Өкілдік басшысының орынбасары және Өкілдік басшысы лауазымын атқарды. 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы ICICI Bank Eurasia Қаржы институттары бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

ҚДБ-да Ботагөз Әбішева 2010 жылғы 15 ақпаннан бастап жұмыс істейді. Банкте жұмыс істеген уақытта ол Қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасарынан Басқарушы директорға дейінгі қызмет жолынан өтті.

Ботагөз Әбішева жаңа қызметінде өкілеттігі 2022 жылғы 25 ақпандағы Банктің ДК шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылған ҚДБ-ның Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичевті алмастырғаны аталып өтіледі.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша 2001 жылы құрылған ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және қолдау көрсету. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының ірі инвестициялық операторларының бірі. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79