• kz

ҚДБ-да Басқарма құрамы өзгертілді: Басқарма төрағасының кредиттеу мәселелері жөніндегі орынбасары болып Марат Елібаев тағайындалды

Марат Елибаев

Марат Елібаев 1984 жылы 2 маусымда дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2004 жылы Халықаралық бизнес академиясында оқыды, мамандануы – MBA бағдарламасының басқару модулі (кәсіби менеджер). 2008-2009 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында London Business School-да оқу курсын өтті, онда ол Қаржы (корпоративтік қаржы) магистрі дәрежесін алды. Марат Елібаев сондай-ақ Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының түлегі болып табылады.

Марат Елібаев кәсіби қызметін 2004 жылы Deloitte «үлкен төрттік» компаниясында аудитор және аға аудитор лауазымынан бастады, онда ол металлургия, тау-кен өндіру өнеркәсібі, мұнай және газ, көлік және логистика, сондай-ақ мемлекеттік компаниялар салаларындағы жобалардың аудитін жүргізді. 2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін PricewaterhouseCoopers компаниясында Қосылу және жұтылу бөлімінің менеджері лауазымында қызмет жолын жалғастырды. 2010-2014 жылдары CITIC Kazyna Investment Fund I L.P. компаниясында инвестициялық директор/вице-президент лауазымын атқарды.

Қазіргі тағайындауға дейін Марат Елібаев 2014 жылдан бастап Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Еуразия, Орта Шығыс және Африка Энергетика департаментінің бас банкирі лауазымын атқарды, онда Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері бойынша ЕҚДБ бағдарламасын дамытуға жауапты болды.

Марат Елібаев Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі (2021), «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты (2008) болып табылады.

Марат Елібаев жаңа қызметінде өкілеттігі 2022 жылғы 25 ақпандағы Банктің ДК шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылған ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Думан Әубәкіровті алмастырғанын атап өтеміз.

Банк Басқармасының құрамы, оған енгізілген өзгертулерді ескере отырып, келесідей: - Искаков Руслан Викторович - Басқарма төрағасы;        - Кенжебаева Сандуғаш Айбасқызы - Басқарма төрағасының орынбасары; Әбішева Ботагөз Тоқтағұлқызы - Басқарма төрағасының орынбасары; Шәріпов Әсет Болатұлы - Басқарма төрағасының орынбасары.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша 2001 жылы құрылған ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және қолдау көрсету. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының ірі инвестициялық операторларының бірі. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79