• kz

ҚДБ айқындылыққа ұмтылысы үшін Қазақстан қор биржасының дипломына ие болды

photo5296793616821369483.jpg
«Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) осылайша, өз қызметі туралы ақпаратты ашу бөлігінде бағалы қағаздар нарығында іскерлік мінез-құлықтың ең үздік үлгілерін көрсететін компанияларды ынталандырады және қолдайды. Инвесторлар үшін өз салымдарының келешегін бағалау кезінде компанияның ашықтығы – компанияның инвестициялық тартымдылығының және корпоративтік басқару деңгейінің маңызды индикаторы.

Биржа сарапшылары Даму банкінің ақпаратты жариялау бойынша листинг ережелерінің талаптарын сақтауын, атап айтқанда мерзімді есептілікті (қаржылық және аудиторлық есептерді қоса алғанда) толық және уақтылы ұсынуын, өзінің ағымдағы қызметі, сондай-ақ инвесторлардың мүдделерін қозғайтын елеулі оқиғалар туралы ақпаратты ашуды кезекті рет жоғары бағалады. Бұдан басқа, Биржаның бағасына ақпаратты уақтылы ашпағаны үшін ұйғарымдардың болмауы, ҚДБ-ның кредиттік қызмет туралы ақпаратты жариялау бойынша бастамашылығы, жылдық есептің жоғары ақпараттылығы, корпоративтік басқару және ақпаратты ашу саласындағы KASE ұсынымдарының орындалуы сияқты фактілер әсер етті.

photo5298587276768557486.jpgphoto5298587276768557487.jpg

Айта кетейік, бұл осы номинациядағы ҚДБ қоржынындағы бесінші марапат және осы арқылы ҚДБ бағалы қағаздар нарығындағы іскерлік мінез-құлықтың үлгісін көрсете отырып, өз қызметінде ашықтық пен айқындыққа ұмтылатынын тағы да растайды.

Сонымен қатар, табыстау рәсімінде Қазақстан қор биржасы ҚДБ-ның 2020 жылғы жылдық есебін жоғары бағалап, «2020 жылғы қаржы секторындағы үздік жылдық есеп», «2020 жылғы жылдық есептің үздік дизайны» дипломдарымен марапаттады.

Ресми марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 15 наурызында Алматы қаласында өтті. Банк атынан марапатты Қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері Дина Нұрсейітова қабылдады.

 photo5296793616821369418.jpg

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша 2001 жылы құрылған ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және қолдау көрсету. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының ірі инвестициялық операторларының бірі. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79