• kz

Қазақстан Сбербанкінде рәсімделген кредиттердің бір бөлігі Halyk Bank-ке өтеді

«Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев несиелік портфельдің бір бөлігін Halyk Bank-ке аудару туралы мәмілеге қатысты пікір білдіре отырып, қарыздарды қайта табыстау банк секторындағы қалыпты тәжірибе және әдеттегі рәсім екенін атап өтті.

«Өзінің көп жылдық тарихында СберБанк бірнеше рет әр түрлі сын-қатерлермен бетпе-бет кездесті, бірақ әрқашан оларды сәтті жеңіп, өз клиенттерінің мүдделерін басты назарға алды. Біз әрқашан өз міндеттерімізді клиенттер алдында да, мемлекет алдында да орындауға тырысамыз. Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан барлық мемлекеттік ақшаны, оның ішінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары бойынша берілген ақшаны қайтарды. Несие портфелінің бір бөлігін беру қаржы саласында кең таралған тәжірибе. Клиенттердің басқа банкке ауысуы еш қиындықсыз шешіледі. Біздің серіктес банк үшін бұл несие портфелін ұлғайту мүмкіндігі. Біз өз кезегімізде осы мәміледен клиенттеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша өтімділікті аламыз», - деді Сбербанк Қазақстан басшысы.

 «Halyk Bank Қазақстан экономикасы үшін жүйе құраушы қаржы институты ретінде, ең алдымен, қазақстандық қоғамның мүддесі үшін жұмыс істейді. Жеке тұлғалардың несие портфелінің едәуір бөлігін сатып алып, осылайша Сбербанкке өтімділік бере отырып, Halyk Bank Қазақстанның банк секторының тұрақтылығын қолдады. Бүгінгі таңда Halyk Bank-ке жеке тұлғалардың қарыздары бойынша берешек қалдығы аударылды және бұл мерзімі кешіктірілмеген және проблемалық кредиттерсіз сапалы портфель екенін атап өткен жөн. Өз тарапымыздан біз Сбербанктен Halyk-қа үздіксіз көшу үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз еттік. Біз клиенттерге қызметті қолдану кезінде ыңғайлы және жайлы болуына басымдық береміз», - деп атап өтті Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Қазақстанның Даму банкінің басшысы Руслан Искаков ҚДБ жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы шеңберінде игерілген ақшалай қаражатты мемлекетке қайтарудың кепілі екендігіне назар аударды: «Даму Банкі бағдарлама операторы бола отырып, бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде бағдарламаға қатысатын ЕДБ төлем қабілеттілігіне қарамастан, алынған қаражаттың мемлекетке қайтарылуы үшін толық жауапты. Қазіргі уақытта Ресей банктерінің еншілес компанияларына санкциялардың енгізілуіне байланысты жеңілдетілген автокредиттер ҚДБ тарапынан бағдарлама шеңберінде берешекті екінші деңгейдегі басқа банктерге аудару бойынша жедел жұмыс жүргізілді».

Қазіргі уақытта жеке тұлғалар кредиттерінің ауысу процесі іске қосылды және клиенттер қиындықты сезбеуде, бұл серіктес банктердің басты міндеті.

 АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Қазақстан Сбербанкі клиенттерінің қолданыстағы қарыздары бойынша талаптар, атап айтқанда: несие берешегінің қалдығы, несие беру мерзімі, ай сайынғы төлем және несие мөлшерлемесі – өзгеріссіз қалады, қарызды қайта табыстау клиент үшін қосымша шығынға әкеп соқпайды. Сондай-ақ қарыз бойынша құқықтарды басқаға беру, егер қарыз алушы негізгі борыш бойынша ай сайынғы төлемдерді және есептелген пайыздар бойынша төлемдерді бұзбаса, оның кредиттік тарихына әсер етпейді. Кесте бойынша ай сайынғы өтеу күні өзгеріссіз қалады. Осылайша, несиелері Halyk Bank-ке аударылған клиенттер үшін ештеңе өзгермейді.

Егер Қазақстан Сбербанктің қарыз алушысы Halyk Bank-тің клиенті болмаса, несие бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін оған Halyk Homebank мобильді қосымшасын жүктеу, тіркеуден өту қажет, содан кейін оған қарызды өтеу үшін пластиксіз Halyk Bonus Digital цифрлы картаны дереу ашылатын болады (қаласаңыз, мекенжайыңызға жеткізу қызметімен Homebank қосымшасы арқылы пластикке тапсырыс бере аласыз; сондай-ақ, Halyk Bank бөлімшесінде картаны жедел ашуға болады). Ай сайынғы төлем сомасы кесте бойынша төлем жасау күні Halyk Bank картасынан/шотынан автоматты түрде алынады, сондықтан клиент өзінің картакалық немесе ағымдағы шотын үнемі толықтырып отыруы қажет. Толықтыруды банк бөлімшелері (барлығы 24 филиал және 565 сату арналары), cash-in опциясы бар АТМ (ҚР бойынша 1 994 дана), банктік және серіктестік төлем терминалдары (ҚР бойынша шамамен 50 000 дана) арқылы немесе картаны басқа ЕДБ картасынан толықтыру немесе басқа ЕДБ-дан аудару (ҚР үшін Сбербанк пен ВТБ қоспағанда) арқылы картаны толықтыруға болады (бұл жағдайда аударым үшін басқа ЕДБ комиссиясы алынады).

Егер клиент ай сайынғы төлемді өтеу үшін ақшаны «Сбербанк» АҚ ЕБ шотына 2022 жылғы 11 сәуірге дейін қоса алғанда енгізсе, онда оның ай сайынғы төлемі өтелген болып есептеледі. Егер кредит бойынша төлем 11 сәуірден кейінгі күндерге келетін болса, онда қарыз алушы Halyk Bank бөлімшелерінде төлем жүргізуі немесе жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен картаны толықтыруы қажет. Егер клиент берілген қарыз бойынша ай сайынғы төлемді өтеу үшін «Сбербанк» АҚ ЕБ шотты толықтыруды жүзеге асырса, оған Қазақстан Сбербанк бөлімшесіндегі шоттан қаражат алу және Halyk Bank-те өтеу қажет. Одан әрі клиент әдеттегі процедура бойынша әрекет етуді жалғастырады – ай сайын карталық немесе ағымдағы шотты толтыратын болады және төлемдер төлем кестесіне сәйкес кредитті толық өтегенге дейін автоматты түрде кредит сомасы алынып отыратын болады.

13.04.2022 ж. бастап кредиттері Halyk Bank-ке аударылған клиенттер өз қарызының мәртебесін ЖСН бойынша банк сайтында сілтеме бойынша тексере алады https://halykbank.kz/credit/credit-sber

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз:

Halyk Bank байланыс орталығы - 7111      

Сбербанк    Қазақстан байланыс орталығы – 5030

ҚДБ - +7 (7172) 79 26 08

 

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79