• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ-ның 2021 жылғы жалпы жиынтық табысы 17%-ға өсті

IMG_1606-6.jpg

«2021 жылы Қазақстанның Даму Банкінің барлық негізгі қаржылық көрсеткіштері өсу серпінін жалғастырды. Пайданың ұлғаюы Банктің таза пайыздық кірісінің өсуімен, сондай-ақ клиенттерге берілген қарыздарды толық және ішінара мерзімінен бұрын өтеуден түскен жоспардан тыс кірістер үлесіне байланысты», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасының қаржылық басқару мәселелері жөніндегі орынбасары Ботагөз Әбішева.

Негізгі қаржылық көрсеткіштер:

2021 жылы операциялық пайда 2020 жылғы 60,5 млрд теңгеге қарағанда 78,1 млрд теңгені құрады, өсім 29%-ға сәйкес келеді.

Салық салынғанға дейінгі пайда 2020 жылғы 23,2 млрд теңгеге қарағанда 34,0 млрд теңгеге дейін немесе 46%-дан астам өсті.

Жыл ішіндегі жалпы жиынтық табыс 2020 жылғы 23,1 млрд теңгеге қарағанда 17%-ға, яғни 27,1 млрд теңгеге дейін өсті.

Жалпы активтер 2020 жылғы 3,1 трлн теңгеге қарағанда 3,7 трлн теңгені құрады, бұл 21% өсімге тең.

Жалпы міндеттемелер 2020 жылғы 2,6 трлн теңгеге қарағанда 23,6%-ға ұлғайып, 3,2 трлн теңгеге жетті.

Меншікті капитал 8,7%-ға немесе 556,8 млрд теңгеге дейін өсті, 2020 жылы аталмыш көрсеткіш 512,0 млрд теңгені құрады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ толық шоғырландырылған қаржылық есептілігі Банктің ресми сайтында орналастырылған, есептілікпен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://www.kdb.kz/investors/financial-and-annual-reporting/.

* * *

Экономиканы әртараптандыруды қолдау жұмысы жөніндегі анықтама

2021 жылы Қазақстанның Даму Банкі өңдеу өнеркәсібіне 399,1 млрд теңге және инфрақұрылымға 134,1 млрд теңге инвестициялады. 37 ірі жоба қаржыландырылды, сондай-ақ 7 кәсіпорын пайдалануға берілді және жаңғыртылды, онда 1,9 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылды.

Банк үшін капитал нарықтарынан капитал тарту негізгі басымдық, өйткені бұл қорландырудағы мемлекеттік қаражаттың үлесін төмендетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 2021 жылы Банк $500 млн және 100 млрд теңге сомасына еурооблигациялар шығаруды жүзеге асырды. 2021 жылы жергілікті капитал нарығынан тартылған қаражат көлемі 154,4 млрд теңге және халықаралық қаржы институттарынан $155,5 млн шамасында, қазір ҚДБ теңгемен еурооблигацияларды төрт рет сәтті шығарған жалғыз қазақстандық эмитент.

Анықтама үшін:

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ - Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілерді қаржыландыруға және дамытуға маманданған ұлттық даму институты. Банк инвестициялық кезеңнен бастап дайын өнім экспортын қолдауға дейінгі жобаларды қаржыландырудың ыңғайлы құрылымын ұсынады. Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бастапқы шегі 7 млрд теңгеден, азық-түлік саласы үшін 3 млрд теңгеден, экспорттық операциялар үшін 1 млрд теңгеден басталады. Ақпараттық ашықтықты арттыру мақсатында Банк ҚДБ-ның әкімшілендіру, қаржыландыру және қарастыру кезеңдеріндегі жобалар жөніндегі жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат қорын кеңейтті. Банк сайтында қаржыландырудың негізгі шарттары туралы мәліметпен және жобалар бойынша жалпы ақпаратпен танысуға болады.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі:

Телефон: 8 (7172) 79 26 08

Сайт: www.kdb.kz

E-mail: pressa@kdb.kz

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79