• kz

ҚДБ Қазақстанда ESG клубын құру жоспары туралы меморандумға қол қойды

ESG_IMG_3704.jpg

ҚДБ-дан бөлек «Ұлттық ESG клубын құру бойынша ынтымақтастық ниеті мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қоюға «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі мен АХҚО Жасыл қаржы орталығы, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, отандық екінші деңгейлі банктер және жер қойнауын пайдаланушылар қатысты.

“Біз өз жұмысымызда, сондай-ақ жобаларды қаржыландыру кезінде ESG қағидаларын ұстанамыз. Қоршаған ортаға әсерді төмендетуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялары бар кәсіпорындар, сондай-ақ ЖЭК саласындағы жобалар біз үшін басымдыққа ие. Ұлттық ESG-клубын құру Қазақстанда тұрақты даму қағидаттарын кеңінен ілгерілетуге көмектесетініне сенімдіміз”, – деп Руслан Искаков түсініктеме берді.

Меморандум мәтінінде Қазақстанда ұлттық ESG клубын құру бойынша тараптардың ынтымақтастығы мен үйлесімділігінің жалпы салаларын айқындайтыны айтылған. Клуб бизнес пен мемлекеттік органдардың түрлі салаларының өкілдері арасында ESG саласында тәжірибе, ақпарат, технологиялар және халықаралық тәжірибелермен алмасу үшін тұғырнама болады.

Ұлттық ESG клубының бірнеше мақсаттары бар: қоршаған ортаға әсерді шектеу, көміртегі ізін азайту және экономиканы декарбонизациялау, энергиялық тиімділік пен энергия үнемдеуді арттыру, еңбек жағдайларын жетілдіру және адам құқықтарын сақтау, нарық субъектілері жүзеге асыратын әлеуметтік жобалардың мониторингі, сондай-ақ Қазақстанда корпоративтік басқару стандарттарын жетілдіру.

Айта кетейік, Қазақстанның Даму Банкі 2019 жылы өзінің Тұрақты даму саясатын қабылдады. Осы құжат аясында Банк қоршаған ортаға ұқыпты және ұтымды қатынас қағидаттарын ұстануға ұмтылады. Инвестициялық жобаларды қаржыландыра отырып, ҚДБ оларды жүзеге асыру аумақтарындағы экологиялық жағдайға әсерін бағалайды.

Даму банкі қабылдайтын инвестициялық шешімдердің критерийлері өз мәні бойынша тек қана экономикалық болып табылмайды, олар сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық көрсеткіштерді назарға алады.

Банк инвестициялық жобаларды қараған және оларға сараптама жүргізген кезде олардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттарға сәйкестігі міндетті түрде ескеріледі. Сондай-ақ, Банк қаржы институты ретінде басымдықтар арасында экологиялық таза өндірістер мен ресурс үнемдейтін жобаларды кредиттеуге назар аударады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79