• kz

ӨДҚ өнеркәсіпті қолдаудың жаңа бағдарламасын іске қосты

Бағдарлама не үшін қажет?

Бағдарлама ШОБ үшін қолжетімді қаржыландыруды ұсыну арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Бағдарламаны іске асыру өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта кәсіпорындардағы негізгі құралдарды жаңартуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтауға, бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаға қанша ақша бөлінеді?

Бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат өңдеу өнеркәсібіндегі бизнес үшін лизинг пен несиелеуге жұмсалады.

Бағдарлама бойынша қандай шарттар бар?

Негізгі шарттар:

- Қаржыландыру мерзімі - 10 жылға дейін;

- Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 3%;

- Қаржыландыру сомасы - 80 млн теңгеден 3 млрд теңгеге дейін;

- Жоба бастамашысының жеке қатысуы - жоба құнының кемінде 15%-ын құрайды.

Кімге басымдық беріледі?

Жобаларды қарау кезінде негізгі басымдық импортты алмастыруға және өнімнің экспортқа шығу мүмкіндігіне жасалатын болады. Яғни, өнімдері ішкі нарықтың сұранысын жабатын және Қазақстанның экспорттық әлеуетін өсіруге мүмкіндік беретін кәсіпорындар қолдауға ие болады.

Толық ақпаратты қайдан алуға болады?

Бағдарлама және қаржыландыру алуға өтінімдерді жасау мәселелері бойынша толық ақпаратты Өнеркәсіпті дамыту қорынан мына телефондар арқылы алуға болады: 8 (7172) 79-63-15 және 8 (7172) 79-63-11.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79