• kz

Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қору қолдаған жоба «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды

Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қору қолдаған жоба «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды
 
 7 желтоқсанда Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
 
 Павлодар облысының «Проммашкомплект» кәсіпорны «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпазы атанды. Бұл зауыт толық циклді теміржол дөңгелектерін өндірумен айналысады. Қазір оның өндірістік қуаты - жылына 300 мың дөңгелек, зауыт 700-ден астам қазақстандық маманды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.
 
 Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Даму Банкі «Проммашкомплект» компаниясының Екібастұзда теміржол дөңгелектерін өндіру кешенін құру жөніндегі жобасын қолдады. Кешен 2018 жылы сәтті іске қосылып, қуаттылығы жылына 200 мың дөңгелек шығаруға қауқары жетті.
 
 Сондай-ақ, 2019 жылы зауыт банктің еншілес ұйымы  өндірістік қуаттарды кеңейту үшін жабдықтарды лизингке алу қолдауына ие болды. Нәтижесінде кәсіпорын өз қуатын жылына 200-ден 300 мың теміржол дөңгелегіне дейін арттырды.
 
 Даму Банкі «Проммашкомплект» ұжымын және «Алтын сапа» және «Парыз» байқауының басқа да жеңімпаздарын құттықтайды және оларға жұмыста жаңа табыстарға жетуді тілейді

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79