«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бизнесті қолдаудың www.bgov.kz бірыңғай порталын енгізгені туралы хабарлайды. Портал микродан ірі бизнеске дейінгі барлық санаттағы кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылық қолдау алу процесін жеңілдету мақсатында әзірленді.
Вgov.kz порталы «Бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді және «Бәйтерек» холдингі мен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «KazakhExport» ЭСК» АҚ қоса алғандағы оның еншілес ұйымдары ұсынатын қызметтердің толық спектрін ұсынады.
Бүгінгі таңда портал қаржылық қолдаудың алты негізгі бағыттарын қамтиды: несие беру, субсидиялау, лизинг, сақтандыру, кепілдік беру және инвестициялау.
Платформа кәсіпкерлерге бизнестің көлемі мен қызмет түріне байланысты қажетті қолдау құралын табуға, онлайн өтініш беруге және барлық кезеңдерде өтінімді қарау процесін бақылауға мүмкіндік береді.
«Bgov кәсіпкерлерге бір жерде өз бизнесіне сәйкес келетін қолдау құралын табуға көмектесуге арналған. Бұл бизнесмендердің мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын едәуір жеңілдетеді және бизнеске қаржылық көмек көрсету процесінің ашықтығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым.