«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) 14-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресінің жұмысына қатысты.
Astana MINING & METALLURGY 2024 халықаралық конгресі өңірде де, одан тыс жерлерде де тау-кен металлургия секторының тұрақты дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін тәжірибе, идеялар мен жоспарлармен алмасу үшін бірегей алаң болып табылады. Биылғы іс-шараға әлемнің 20 елінен 1 280 делегат қатысты.
Конгресстің пленарлық сессиясында ҚДБ аға банкирі Нариман Қожағұлов ҚДБ-ның тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асырудағы қолдау құралдары мен тәжірибесі, сондай-ақ осы секторды дамыту жөніндегі ұсыныстар туралы айтты.
ТМК саласы маңызды әлеуметтік-экономикалық әсерге ие: бұл жұмыс орындарын құру, экспортқа бағдарлану және салық аударымдары. ҚДБ кредиттік қоржынында ТМК саласында 11 жоба бар. Бұл кәсіпорындарда барлығы 15 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
«Банк тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді жәрдемдесуге дайын, оның мақсаты – әлеуметтік-экономикалық дамуды ынталандыру, импортты алмастыруды қамтамасыз ету және елдің экспорттық әлеуетін арттыру», - деп атап өтті Нариман Қожағұлов.
ҚДБ қаржыландыруының негізгі шарттары – ҚДБ кредиттеу кезінде жобаның сомасы кемінде 7 млрд теңге немесе синдикатталған қаржыландыру немесе қоса қаржыландыру кезінде кемінде 3,5 млрд теңге, кредиттеу мерзімі 5 жылдан 20 жылға дейін.
Қаржыландыру құралдары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша ҚДБ сайтында ұсынылған: https://www.kdb.kz/services/.