• kz

ҚДБ құралдары «FOC 2024: Fats and Oils Conference» үшінші халықаралық май конференциясында таныстырылды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) «FOC 2024: Fats and Oils Conference» үшінші халықаралық май конференциясына қатысты. Іс-шара Орталық Азиядан, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерден делегаттарды жинап, ҚДБ-ның бизнесті қолдау құралдары мен май саласын дамытуға қосқан үлесін ұсыну үшін маңызды алаңға айналды.

 

9I2A7845 (1).jpg


Конференцияның пленарлық сессиясында ҚДБ аға банкирі Әсел Шитенова сөз сөйлеп, Банк ұсынатын қаржылық қолдау шаралары туралы айтты.

 

«ҚДБ-ның май өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруда үлкен тәжірибесі бар. Банк құрылыс пен жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды ғана емес, экспорттық бағытты да қолдайды. «Шымкентмай» компаниялары, «Сей-Нар» және «Масло-Дел» компаниялар тобы, QAZAQ-ASTYQ GROUP, «Бота-2015» және «Kaz-Ir Agro» сияқты Банк қолдаған жобалар нарықтың ішкі қажеттілігіне бағытталып қана қоймай, шетелдік өткізу нарықтарына өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Әсел Шитенова.

 

Банк халықаралық аренада отандық АӨК өнімдерінің тұрақты өсуін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, Қазақстанның май саласын дамытуды белсенді қолдауды жалғастыруда. «FOC 2024» сияқты іс-шараларға қатысу Банкке өз тәжірибесімен және жетістіктерімен бөлісіп қана қоймай, ынтымақтастық пен дамудың жаңа келешегін аша отырып, іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

 

Айта кетейік, «FOC 2024: Fats and Oils Conference» халықаралық май конференциясы агроөнеркәсіптік кешен мен майлы дақылдарды өңдеу саласының өкілдері арасында өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаң болып табылады.

 

9I2A7912.jpg


Қаржыландыру құралдары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша ҚДБ сайтында ұсынылған: https://www.kdb.kz/services/.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79