Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) эмитентінің ұзақ мерзімді рейтингін Ваа2-ден Ваа1-ге дейін көтерді, болжам «Тұрақты».
Банктің барлық рейтингтері Қазақстан Республикасының егеменді рейтингтеріне сәйкес келеді, олар ҚР квазимемлекеттік және банк секторларының компаниялары арасында ең жоғары рейтингтердің бірі болып табылады. 9 қыркүйекте Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді рейтингін Baa2-ден Baa1-ге дейін көтерді, болжам «Тұрақты».
ҚДБ жобаларды қаржыландыру үшін жергілікті және халықаралық капитал нарықтарында теңгемен, АҚШ долларымен инвестицияларды белсенді тартады және жоғары қаржылық тұрақтылықты көрсетеді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының кредиттік рейтингін арттыру экономикалық және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, кредиттік тұрақтылықты неғұрлым жоғары рейтингі бар елдер деңгейіне дейін жақсартуға ықпал етеді, сондай-ақ капитал нарықтарынан инвестициялар тарту шарттарына және экономикаға инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң әсер етеді. Moody's Қазақстанның сенімді қаржылық көрсеткіштерін атап көрсетеді.