• kz

ҚДБ қызметкерлері Республика күніне орай марапатталды

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметкерлері мемлекеттік мейрам – Республика күні қарсаңында марапаттарға ие болды.


IMG_9382 (1).JPG


Несиеге әкімшілік ету департаментінің директоры Раушан Шалағанова ел игілігі жолындағы жемісті еңбегі үшін ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Алғыс хатына ие болды.

Іс-шара барысында еліміздің игілігі жолындағы табысты еңбегі мен экономика саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың Құрмет грамотасымен Банктің операциялық департаментінің директоры Айнұр Нұрғалиева марапатталды. ҚР Ұлттық экономика министрінің Алғыс хатымен клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Төлеген Каренов, бизнес-процестер департаментінің бас менеджері Гүлсара Закарина наградталды.

Бұл күні сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі ҚДБ-ның Кепілмен қамтамасыз етуді бағалау бөлімінің бас менеджері Қалия Тұрсымбаеваға табыс етілді.

Сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хаттары Қорландыру және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Адина Берікқызы, Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас заңгері Андрей Рыжаков пен Операциялық және қаржылық тәуекелдер департаментінің бас тәуекел-менеджері Дана Серіковаға табысталды.


общее.jpg


Марапаттарды «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин табыстады. Салтанатты рәсім барысында Холдинг басшысы қызметкерлерді Республика күнімен құттықтап, еліміздің экономикасы мен өркендеуіне қосқан үлесі үшін марапатталғандардың әрқайсысына алғысын білдірді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!