• kz

ҚДБ Kazakhstan Finance Day форумына қатысты

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Kazakhstan Finance Day форумына қатысты. Іс-шара Citigroup корпорациясының Нью-Йорктің іскерлік орталығындағы штаб-пәтерінде өтті. Онда Қазақстан мен АҚШ-тың қаржы-экономика саласында жүрген 450-ден астам өкіл жиналды. Қазақстандық делегация құрамына негізгі қаржы институттарының бірінші басшылары кірді.


Главное фото.jpeg


Іс-шараның көздеген басты мақсаты – экономикалық тартымды инвестициялық бағыт ретінде экономикалық байланыстарды нығайту және Қазақстанға жаңа капитал салымдарын тарту.

ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев «Қаржы қызметтерін дамыту негізіндегі капитал нарықтары» панельдік сессиясында Банк қызметіне шолу жасап, ҚДБ-ның экономикалық өсуді ынталандырудағы және ел экономикасын әртараптандырудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол банктің борыштық капитал нарықтарында белсенді жұмыс істеп, инвестициялар тартуда елеулі жетістіктерді көрсетіп отырғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында ҚДБ еурооблигациялардың екі шығарылымын орналастырды, Біріншісі – 500 млн АҚШ доллары көлемінде АҚШ долларымен, екіншісі 65 млрд теңге көлемінде теңгемен деноминалданды. Осы ретте сұраныс ұсыныстардан бір жарым еседен астам асып түскенін атап өткен жөн. Бұл жергілікті және халықаралық инвесторлардың Банк облигацияларына деген сенімін көрсетеді. Еурооблигацияларды орналастыру географиясы АҚШ, Ұлыбритания, Еуропаның басқа елдері, Қазақстан және Таяу Шығыс елдерін қамтиды.


фото 2.jpeg


«Біз үшін тек қаржы институты ретінде ғана емес, Қазақстанның әлеуетін ашуға көмектесетін стратегиялық серіктес болу маңызды. Банк қызметі индустрияландыруды, инфрақұрылымды жаңғыртуды және орнықты дамуды қолдауға бағытталған. Бұл мемлекетпен және жеке инвесторлармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде мүмкін болады», – деп атап өтті Марат Елібаев.

Іс-шараға қатысушылар дамудың жаңа векторын құруға бағытталған жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларға жоғары баға берді, сондай-ақ Қазақстанның тұрақты макроэкономикалық саясатын ерекше атап өтті.

Банктің Kazakhstan Finance Day форумына қатысуы ҚДБ жұмысының Қазақстанның тұрақты дамуы мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталғанын айшықтайды.

Kazakhstan Finance Day – бұл қазақстандық экономикалық блок пен қаржы секторы өкілдерінің америкалық және халықаралық инвесторлармен кездесулер мен диалог құруға арналған платформа. Іс-шара инвестициялық мүмкіндіктерді көрсетуге және қаржы секторында тұрақты халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!