«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өкілдері елордадағы Nazarbayev University және Maqsut Narikbayev University оқу орындарының студенттері үшін дәрістер өткізді.
ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев бұл кездесу студенттерге Банктің қызметімен танысуға және елдің жетекші қаржы институттарының бірінде жұмысқа орналасу, тәжірибе жинап, тағылымдамадан өту мүмкіндіктерімен, сонымен бірге Банк қаржыландыратын жобалармен жіті танысуға арналған алаң екенін ерекше атап өтті.
Кездесуде Директорлар кеңесінің мүшесі, ҚДБ тәуелсіз директоры Марсия Фавале, аппарат басшысы Айжан Мендебаева, басқарушы директорлар Дина Жанәділ және Жанат Ансағанова, Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Әлия Тыныбаева сөз сөйледі. Спикерлер Қазақстанның Даму Банкінің миссиясы, ESG бағыттарын дамыту, мәмілелерді талдау, сондай-ақ Банкте тағылымдамадан өту шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Сұрақ-жауап форматында өткен кездесу барысында студенттер өз сауалдарын жолдап, дәріс тақырыбына қызығушылық танытты, сондай-ақ Банк өкілдерінен құнды кеңестер мен ұсыныстар алды.
Айта кетерлігі, ҚДБ жыл көлемінде жас мамандарды тағылымдамадан өткізеді, сондай-ақ бос лауазымдарға үміткерлерге тең мүмкіндіктер ұсынады. Тағылымдамадан жоғары білімі туралы дипломы мен бейінді салаларда жұмыс тәжірибесі бар мамандармен қатар, отандық жоғары оқу орындарының студенттері де өте алады. Осылайша, 2024 жылы 60-тан астам жас маман Банкте тағылымдамадан өтіп, құнды тәжірибе жинақтаған.
Олардың басым бөлігі бағдарламаның барлық кезеңін ойдағыдай аяқтап, бүгінгі таңда елдің қаржы секторының дамуына үлес қосуда.
Қазақстанның Даму Банкінде тәжірибеден/тағылымдамадан өту шарттары туралы толығырақ ақпарат https://www.kdb.kz/career/jobs/.