• kz

Қазақстанның Даму Банкі алаңында медиатренинг өтті

12 қарашада Ұлттық валюта күні қарсаңында Қазақстанның Даму Банкінде «Қазақстандағы экономика саласындағы оқиғалар мен статистиканы қалай талдауға болады? Негізгі экономикалық және қаржылық статистика бойынша қысқаша нұсқаулық» тақырыбында тренинг өтті.


3.JPG


Медиатренингте ҚДБ басқарушы директоры Жанат Ансағанова сөз сөйлеп, Банктің қызметіне қысқаша шолу жасады, сондай-ақ қаржы институтының Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді экономикалық өсуі мен әртараптандыруындағы рөлін атап өтті.


2.JPG


Тренинг барысында экономист, Тengenomika телеграм-каналының авторы Ғалымжан Айтқазин пайдалы аналитикалық құралдармен бөлісіп, аталған деректерді іс жүзінде пайдалануға баса назар аударды. Сонымен қатар қатысушылармен бірлесе отырып, елдің экономикалық және қаржылық статистикасының негізгі аспектілерін талдады.


5.JPG


Медиа-тренинг Tengrinews.kz, Inform.kz, Baq.kz, The Astana Times, Informburo.kz, Kapital.kz, Kursiv.kz, Tenge, Хабар және 24.kz сынды отандық жетекші БАҚ өкілдерінің басын біріктірді. Қатысушылар экономикалық тақырыптағы материалдарды дайындауға жәрдемдесетін ұсыныстар мен практикалық білім алды.


7.JPG


Аталған форматтағы кездесулерді ұйымдастыру ҚДБ-ның еліміздің медиа кеңістігіндегі ашықтықты және экономикалық сауаттылық деңгейін арттыруға жәрдемдесуге ұмтылысын сипаттайды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!