• kz

Қазақстанның Даму Банкінде жетістіктер сараланды

Ұлттық валюта күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстанның Даму Банкінде дәстүрлі таунхолл өтті. ҚДБ топ-менеджерлері әріптестерін Қаржыгерлер күнімен құттықтап, жылдың алдын ала қорытындыларын саралап, алдағы жоспарларды белгіледі және даму келешегін талқылады.


спикеры.JPG

 

2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ҚДБ өз капиталын 958 млрд теңгеге дейін ұлғайтты (+2023 жылмен салыстырғанда 8%), активтер 5 194,6 млрд теңгеге жетті (+21%), таза пайда 120,5 млрд теңгені құрады. 10 айда 1 224 млрд теңгеге 44 жоба қаржыландырылды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 39 жобаға 924 млрд теңге, инфрақұрылым саласында 5 жобаға 300 млрд теңге бөлінді. Салыстыратын болсақ, 2023 жылдың осы кезеңінде 42 жоба 748 млрд теңгеге қаржыландырылған еді.


зал.JPG

 

Кездесу барысында қаржылық көрсеткіштермен қатар, 2024 жылы жүзеге асырылған жобалар, қызметкерлердің қанағаттанушылық деңгейі, өнімдік тәсіл және «Идеялар банкі» бастамасы таныстырылды.

Банкті және Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚДБ және ӨДҚ бірқатар қызметкерлеріне Банк төрағасы Марат Елібаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.


общее.JPG

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!