• kz

Қазақстанның Даму Банкінде «Data Challenge» дататонының қорытындысы шығарылды

2024 жылғы 16 қарашада Nazarbayev University-де «Data Challenge» дататонының жабылу салтанаты өтті. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қолдауымен Data Science Club ұйымдастырған бірегей іс-шара Қазақстанның түкпір-түкпірінен деректерді талдау және макроэкономика саласындағы студенттер мен жас мамандарды біріктіре отырып, 400-ден астам қатысушының басын қосты.


IMG_7644 (1).JPG


Дататонға 144 команда тіркеліп, үздік 12 команда финалға өтті және әртүрлі салалардың ЖІӨ өсуіне әсерін талдаудан бастап инфрақұрылымды қаржыландыру қажеттілігін болжауға дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтитын екі кейс бойынша деректерді өңдеу, экономикалық болжам және модельдеу бойынша өз дағдыларын көрсетті.


5321426766092431746.jpg


Қазылар алқасының құрамына ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов, ҚР Үкіметі Аппаратының Экономикалық бөлімінің меңгерушісі Ерлан Аушарипов, экономист Ғалымжан Айтқазин, Назарбаев Университетінің доценті Йозеф Рузичка және Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd. Басқарма төрағасының орынбасары Жанар Нұржанова кірді. Олар қатысушылардың жұмысын инновация, қолданбалы маңыздылығы және презентация сапасы сияқты критерийлер бойынша бағалады.


5321426766092431745.jpg


«Дататон жас мамандарды даярлаудың жақсы деңгейін және экономикалық міндеттерді шешу барысында деректердің заманауи технологияларын қолданудың маңыздылығын көрсетті. Іс-шара аясында ұсынылған идеялар Қазақстанның тұрақты дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», - деп атап өтті Марат Елібаев.


IMG_1179.JPG


Іс-шара қорытындысы бойынша үздік шешімдер одан әрі дамуға қолдау тапты. «Экономика секторларының ҚР ЖІӨ өсуіне әсері» бірінші кейс жеңімпаздары: InflAItion (Astana IT University, SDU), Supreme Team (Deloitte), Debt Collectors (MNU, Astana IT University). «Инфрақұрылымдағы қажеттілікті талдау және оны қаржыландыру мүмкіндіктері» екінші кейс жеңімпаздары: TeamX, Fractal және DD (Назарбаев Университеті) Бұл командалар ҚДБ-мен ынтымақтастыққа шақырылды, бұл оларға кәсіби салада жаңа перспективалар ашады. 


IMG_1212.JPG


«Data Challenge» дататоны ел экономикасы алдында тұрған сын-қатерлерді шешуге дайын Қазақстандағы мамандардың жаңа буынының әлеуетін ашу барысындағы маңызды алаңға айналды. 


IMG_1283.JPG

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79