«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да Citi компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған тұрақты қаржыландыру бойынша семинар өтті. Айта кетейік, Citi биыл сәуір айында Банктің тұрақты облигацияларын шығару кезінде ESG-кеңесші ретінде үлес қосты.
Семинарға «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарынан 70-тен астам өкіл қатысты. Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Шәріпов қатысушыларға ілтипат білдіріп, Citi компаниясының Банктің ұзақ мерзімді серіктесі екенін атап өтті. Ол Банк халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді белсенді енгізіп, тұрақты даму бағытындағы жобаларды қолдап, қаржыландырудың тұрақты құралдарын жүзеге асырып отырғанын айтты.
Семинарды Citi компаниясының капитал нарығындағы тұрақтылық мәселелері жөніндегі маманы Шуми Миттра өткізді. Оның ғаламдық клиенттерге арналған «жасыл» және тұрақты келісімдерді құрылымдау саласында 5 жылдан астам тәжірибесі бар.
Шара барысында қатысушылар тұрақты қаржыландырудың негізгі аспектілерімен, оның ішінде қолжетімді мүмкіндіктермен, «жасыл» және әлеуметтік жобаларды талдау және іріктеу процестерімен, сондай-ақ қаржы құралдарын пайдалану және есептілік ерекшеліктерімен танысты.
«Қатысушылармен тұрақты қаржыландыру туралы өзекті ақпаратпен бөлісу және мұндай құралдардың ел экономикасы үшін маңыздылығын атап өту біз үшін маңызды», - деді ҚДБ Халықаралық ынтымақтастық және қорландыру департаментінің директоры Әдина Берікқызы.
Семинар Қазақстанда тұрақты инвестицияларды ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды және қатысушыларға тұрақты қаржылық шешімдерді дамыту үшін пайдалы ақпарат берді.