• kz

Әйел ретінде мансаптық жетістікке жету. Бизнес, саясат және STEM басшылары жеке тәжірибелерімен бөлісті

5 наурызда Қазақстанның Даму Банкі алаңында Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «DBK Women Talks: Әйелдің экономика мен қоғамдағы рөлі» тақырыбында панельдік сессия өтті. Іс-шараға ірі компаниялар мен жобалардың әйел-басшылары қатысты.

 

5352779962928720220.jpg


Спикерлер қатарында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова, «Агромаш Холдинг» АҚ президенті Динара Шүкіжанова, «ARK CO» ЖШС қаржы директоры және «ҚазАзот» АҚ инвестициялар жөніндегі кеңесші Айжан Балабатырова, Technovation Girls жобасының бағдарламалық жетекшісі Перизат Кәрімова, сондай-ақ ғылыми және білім беру стратегиялары саласындағы халықаралық сарапшы Әлия Оспанова болды.

 

5350345304882407268.jpg


Іс-шара барысында спикерлер мен қатысушылар арасында мансап, көшбасшылық және стереотиптерді еңсеру мәселелері бойынша ашық диалог өтті. Әйелдердің экономика мен қоғамдағы рөліне ерекше назар аударылды. Спикерлер өмірлік тәжірибелерімен, жетістікке жету жолындағы қиындықтар мен алынған сабақтарымен бөлісті.

 

«Біз әрқайсымыз – өз ісіміздің маманымыз. Бірнеше рөлді қатар алып жүрген әйелдер көпміндеттілікті өнер деңгейіне жеткізеді. ҚДБ тең мүмкіндіктер қағидаттарын ұстанады және әйелдер көшбасшылығы экономика мен қоғамның ілгерілеуінің қозғалтқышы мен қозғаушы күші екеніне сенімдіміз. Қазіргі таңда Банк қызметкерлерінің 60%-ын әйелдер құрайды, ал 51%-ы – басшылық қызметтерде. Бүгінгі кездесуімізде спикерлеріміздің шабыттандырар оқиғаларын тыңдап, жаңа инсайттар ашуға мүмкіндік болады», – деп атап өтті ҚДБ Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Әлия Тыныбаева.

 

5350345304882407265.jpg


«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова әйелдердің басшылық қызметке жету жолында кездесетін негізгі қиындықтарын атап өтті, сондай-ақ өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби мансапта жетістікке жету үшін не істеу керектігі туралы айтты.

 

«Әйел үшін ең маңыздысы – алдымен өз ішінде көшбасшы болу және күн сайын өзін жетілдіруге ұмтылу. Мен таңертең оянғанда, барымды салып, жаңа нәрсені үйрену үшін не істей алатынымды ойлаймын. Өмірге деген қызығушылық пен танымдық құштарлықты жоғалтпау өте маңызды. Егер күн сайын өзіңізге: «Мен бүгін кешегіге қарағанда сәл жақсымын» деп айтсаңыз, бұл ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі», – деп атап өтті Ляззат Ибрагимова.

 

5350345304882407269.jpg


Айжан Балабатырова – әлемнің екі жетекші университеті – Harvard University және MIT түлегі. Оқуды аяқтаған соң, ол әлеуметтік желілерге посттар жасауға арналған жасанды интеллект негізіндегі қосымшасын іске қосты. Өз сөзінде қаржы директоры жеке тарихымен бөлісіп, қыздарды үнемі даму үстінде болуға, қолжетімді мүмкіндіктерді пайдалануға және білім алуға шақырды.

 

«Бүгінде білім алуға барлық мүмкіндіктер бар. Harvard University, Stanford University немесе MIT сияқты университеттерде оқу – қолжетімсіз нәрсе деп ойлаудың қажеті жоқ. Барлығы мүмкін. Ең бастысы – менталды кедергілер қоймау және қорықпау. Оқу мен тұру шығындарын өтейтін көптеген бағдарламалар мен стипендиялар бар. Университеттер барынша ашық бола бастады, ал қазақстандық студенттерді көбірек танып, қуана қабылдайды», – деп атап өтті Айжан Балабатырова.

 

5350345304882407266.jpg


Динара Шүкіжанова бұған дейін Мәжіліс депутаты болған, ал қазір бес жылға жуық уақыт бойы басшылық қызметтерді атқарып келеді. Өз сөзінде ол әйелдердің саясаттағы орны, сондай-ақ дәстүрлі түрде «ерлерге тән» деп саналатын кәсіптердегі қиындықтары туралы айтты.

 

«Менің өндіріс саласындағы жолым оңай болған жоқ. Саясатта да, бизнесте де басшылық лауазымда әйелдерді көру үйреншікті жағдай емес, сондықтан үнемі өз кәсіби біліктілігіңді дәлелдеп отыру қажет. Егер сіз нағыз кәсіби маман болсаңыз – ешқандай шектеулер жоқ. ҚДБ-ның әйелдері – осының айқын дәлелі: басшылық құрамның жартысынан көбі – әйелдер. Мысалы, Allur жобаларында да басшылық қызметтерде әйелдер жұмыс істейді, себебі олар өз саласын терең меңгерген мамандар», – деді Динара Шүкіжанова.


5352779962928720219.jpg

 

Әлия Оспанованың пікірінше, әйел әрдайым өз мүмкіндігін толық көрсетуі тиіс – күштірек болып, үздік нәтижеге ұмтылып, өз жұмысын сапалы орындауы қажет. Біліктілікке ие болу, өзіндік пікірге ие болу және жағдайды басқару қабілеті – аса маңызды.

 

«Білім – барлығының негізі. Оқуды тоқтатуға болмайды. Егер сіз «мен бәрін білемін» деп ойласаңыз, бұл сіздің алға жылжымай тұрғаныңызды білдіреді. Неғұрлым жаңа салалар мен секторларды зерттесеңіз, соғұрлым ой-сананы жас күйінде сақтайсыз», – деп атап өтті спикер.

 

Әлия Оспанова балансты сақтауға және күш-қуатты жинақтауға көмектесетін маңызды факторлар ретінде дұрыс ұйқыны, спортпен шұғылдануды және қарапайым нәрселерден ләззат алуды атады.

 

5350345304882407267.jpg


Technovation Girls жобасының бағдарламалық жетекшісі Перизат Кәрімова әйелдердің STEM саласындағы рөлі, бар стереотиптер, сондай-ақ кәсіпкерлер қыздар іске қосқан стартаптар мен бастамалар туралы айтып берді.

 

5350345304882407273.jpg


Іс-шараның соңында қатысушылар мен спикерлер арасында сұрақ-жауап сессиясы өтіп, онда әйелдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кеңестер алды.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!