• kz

ҚДБ-да жасанды интеллектті қолдану және цифрлық трансформация келешегі талқыланды

Қазақстанның Даму Банкі басшылығының қатысуымен цифрлық даму және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану мәселелері талқыланды.


_MG_2327 (1).JPG


Талқылау барысында ЖИ саласындағы өзекті жаһандық трендтер, технологияларды халықаралық даму банктері мен екінші деңгейлі банктерде қолдану мысалдары қарастырылды.


_MG_2305.JPG


Банктің операциялық қызметіне интеллектуалды шешімдерді кезең-кезеңімен енгізу және ішкі процестерді жетілдіру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды, мысалы, KDB Product Space-ті енгізу, жобалық деректерді ЖИ көмегімен өңдеуді автоматтандыру және болашақ трансформация үшін іргетас қалыптастыру. Талқылау тиімділікті арттыру, аналитика, деректерді басқару және шешім қабылдау бойынша заманауи тәсілдерді енгізу бағытындағы Банктің жүйелі жұмысының бір бөлігі болды.


_MG_2294.JPG


«Біз тек процестерді автоматтандырып жатқан жоқпыз – біз ойлау, өзара әрекеттесу және клиенттеріміз үшін құндылық құру тәсілін өзгертудеміз. Бұл воркшоп – ҚДБ стратегиясын, корпоративтік мәдениетін және технологияларын үйлестіру жолындағы маңызды қадам», – деп атап өтті ҚДБ IT департаментінің директоры Сергей Шмагин.


WhatsApp Image 2025-04-11 at 17.05.32.jpeg


Банк цифрлық трансформация саласындағы үздік тәжірибелерді зерттеп, қолдануды жалғастыруда, өзінің операциялық икемділігін арттыруға және тұрақты даму үшін технологиялық негіз қалыптастыруға ұмтылуда.


WhatsApp Image 2025-04-11 at 17.25.07.jpeg


«ҚДБ ішкі процестердің ашықтығы, клиенттерге ыңғайлылықты және тиімділіктті арттыру үшін цифрлық шешімдерді белсенді түрде енгізуде. Биылдың өзінде өтінімдерді өңдеуді жеделдетуге, клиенттік тәжірибені жақсартуға және қабылданатын шешімдердің негізділігін арттыруға көмектесетін цифрландыру саласында ауқымды бастамалар жоспарланған. Өз кезегінде, AI-құралдарын енгізу өтінімдерді өңдеуді автоматтандыру мен кредиттік шешімдердің объективтілігін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79
chat-bgov

Кеңес ал!