• kz

Ақмола облысында Макинск құс фабрикасы өз жұмысын бастады

Кәсіпорынды іске қосудың салтанатты рәсімі ағымдағы жылғы 28 қыркүйекте жоғарыда көрсетілген ауданның әкімшілік орталығы Астанадан 200 км қашықтықта орналасқан Макинск қаласының төңірегінде өтті. Жобаға қажетті инвестициялардың құны 33,5 млрд теңге болатын қаражаттың 50% астамын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ (ҚКМ), қалған көлемді – Жобаның бастамашысы «Aitas KZ» АҚ берді. Еуропа Қайта құру және Даму банкі (ЕҚДБ) жобаны «Aitas KZ» АҚ капиталына қатысу жолымен инвестициялады.

Екінші кезекті қоса алғанда, Макинск құс фабрикасы құрылысының жалпы құны 45,6 млрд теңгені құрайды.

Жобаны ҚДБ және ҚКМ тарапынан қаржыландыру 2017 жылы «Бәйтерек» холдингінің – «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – Ұлттық чемпиондар» («100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес) Бағдарламасы шеңберінде ашылды: Банк 16,1 млрд теңге сомасындағы қарызды 10 жылға дейін мерзімге берді; ҚКМ өзінің «Вaiterek Venture Fund» АҚ еншілес құрылымы арқылы капиталға кіру жолымен 9 млн АҚШ долларын инвестициялады. Ұсынылған қаржыландыру Қазақстан құс шаруашылығының бүкіл тарихы ішіндегі аса ірі инвестиция болып табылады.

Макинск құс фабрикасының бірінші кезегі тоғыз өндірістік алаңды, соның ішінде: инкубаторды; әрқайсысы он екі құс қорасынан тұратын төрт бройлерлік бөлімді; құс өңдеу зауытын; компост-желіні; қосалқы алаңды (төсеніш жасау цехы); азық өндіру цехын қамтиды. Қазіргі уақытта инкубатор жұмыс істей бастады, онда ағымдағы жылғы 6 қыркүйекте алғашқы жұмыртқа салу болды. Бірінші кезектің қалған алаңдары ағымдағы жылдың соңына дейін қолданысқа енгізіледі.

2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған ұқсас қуаттағы (жылына 25 000 тонна құс еті) екінші кезек пайдалануға енгізілгеннен кейін Макинск құс фабрикасы сағатына 9 000 бройлер өңдеу қуатымен құс етін өндіру көлемі бойынша Орталық Азия өңіріндегі ең ірі фабрикаға айналады. Фабрика өндіретін негізгі өнім – бройлердің салқындатылған еті. Екінші кезек пайдалануға енгізілгеннен кейін кәсіпорынның қуаттары Қазақстанның ішкі нарығының құс етіне деген сұранысын 15% дейін қанағаттандыратын болады (2017 жылы ҚР Құс өсірушілер қоғамының деректері бойынша елде құс етін тұтыну 341 000 тоннаны құрады), бұл өз кезегінде өнім импортының үлесін қазіргі 50,4%-дан 32,6% дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Макинск құс фабрикасы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарына, ең алдымен өндірілетін құс етінің 60% дейін сату жоспарланып отырған Астана және Қарағанды қалаларына бағдарланады.

Құс фабрикасының аумағында орналасатын барлық ғимараттардың жалпы көлемі 227 366,88 м2 құрайды. Биоқауіпсіздік және экологиялық өндіріс талаптарын сақтау мақсатында кәсіпорында инкубациялық өндіріс, құс сою және ет-сүйек ұнын өндіру сатыларында энергия үнемдейтін жоғары технологиялы жабдық пайдаланылатын болады.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79