• kz

ҚДБ «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде шикізаттық емес экспорттаушыларды қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетеді

Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын экспорталды қаржыландырудың шарттары:

  • Жаңартылатын кредиттік желі кейін экспортталатын дайын өнім өндіруге арналған шикізат пен материалдар сатып алу мақсаттарына ұсынылады;
  • Нысаналы сала – өңдеу өнеркәсібі;
  • Экспорттық келісімшарт(тар)тың болуы;
  • Кредиттеу мерзімі – 1 жылдан 3 жылға дейін, қарыз валютасы – теңге;
  • Қарыздың ең аз сомасы – 1 млрд теңге.

«Қазақстанның шикізаттық емес экспортын дамытуға жәрдемдесу Банк қызметі шарттарының бірі болып табылады. Біз шикізаттық емес экспорттаушыларды қамтудың кеңейетініне, экспорттық түсімін ұлғайту мүмкіндігін пайдалана алатын, осылайша, біздің еліміздің экономикасының шикізаттық емес секторының экспорттық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосатын ҚДБ-ның жаңа клиенттеріне қуанатын боламыз», - деді ҚДБ Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының (КЖД) аға банкирі Владимир ЛИ.

Жаңартылатын экспорталы кредиттік желілер ашуға мүдделі заңды тұлғалар Банк КЖД-ға мынадай байланысу деректері бойынша өтініш жасай алады: +7 7172 79 26 11 (Владимир ЛИ, Динара РСКЕЛЬДИНА, Ербол САЛИМБАЕВ).

Бағдарлама шеңберінде шикізаттық емес экспортты қолдау мақсатында Банк 2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлттық қордан алынған 65 млрд теңгені қоса алғанда, 95 млрд теңге ұзақ мерзімді кредиттік ресурстар тартты. Жаңартылатын қаржыландыруды ескергенде, 2018 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша Банк жалпы сомасы 90,9 млрд теңге экспорталды операцияларын жүзеге асыру үшін 16 кәсіпорынды қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, Банк Бағдарлама шеңберінде күштік трансформаторлар, кіші станциялар, титан қаңылтақтар, құбырлар, арматура, қаңылтыр, мырыш, қорғасын, мыс, сары фосфор, натрий триполифосфаты, аммофос, глинозем, өсімдік майы, сүт өнімдері, шәй, шырындар, кондитер өнімдері сияқты тауарлар экспортына қолдау көрсетті.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79