• kz

Қазақстан жақын уақытта жоғары вольтты трансформаторларды экспорттай алады

Айтпақшы, салынып жатқан Asia Trafo зауыты Орталық Азияда бірінші болып әртүрлі мақсаттағы энергетикалық, өнеркәсіптік электр желілері үшін жылына 120 бірлік тұйықтағыш реакторлар, автотрансформаторлар, салмағы 300 тоннаға дейінгі трансформаторлар әзірлеп, өндіретін болады.

Жоба Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) мен «ҚДБ – Лизинг» АҚ-ның қолдауымен іске асырылады. Жобаның жалпы құны 17,9 млрд. теңгені құрайды, оның 8,7 млрд. теңгесі және 4,7 млрд. теңгесі – тиісінше ҚДБ және «ҚДБ – Лизинг» қаражаты.

«Жобаны іске асыру Қазақстан нарығының кернеуі 110 кВ трансформаторларға деген қажеттілігінің 70%-ын және кернеуі 220 кВ трансформаторларға қажеттілігінің 50%-ын жабуға мүмкіндік береді, сол арқылы Қазақстанға импортталатын шетелдік өндірістің трансформаторларының үлесін едәуір азайтады. Сонымен бірге, «Alageum Electric» жаңа қуаттары зауыт өнімі көлемінің 50%-ына дейін жақын нарықтарға экспорттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жобаны іске асыру шеңберінде 220 астам жаңа жұмыс орындары құрылатын болады» - деп атап өтті Қазақстанның Даму Банкінің Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Оқашев Сансызбай.

Ықтимал өткізу нарықтары ретінде Ресей, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және ТМД-ның басқа да елдері қарастырылуда.

Қазақстандық трансформаторлардың бәсекелік артықшылықтары қатарында – жобалау кезінде заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бар. Мәселен, «Asia Trafo» зауытының бас директоры Серғазы Күнтуаровтың айтуы бойынша кәсіпорында жаңа технологиялық ойлау мен біліктілігі жоғары ұжым жұмыс істемек.

«Зауытта шығарылатын әрбір трансформатор туралы конструкторлық құжаттаманы әзірлеу кезеңінен бастап жөнелтуге және сервистік қызмет көрсетуге дейінгі ақпаратқа үздіксіз қол жетімділік беретін өндірісті басқарудың жаңа жүйесі қолданылады. Әрбір тапсырысқа жеке тәсілдеме көзделген, оның кезінде тапсырыс берушінің барлық талаптарын ескеретін оңтайлы конструкцияны есептеу жүргізіледі» - деп атап өтті С.Күнтуаров.

Қазіргі кезде өндірістегі құрылыс жұмыстарының шеңберінде жабдықтарды монтаждау аяқталды. Немістің KNUTH фирмасының «R60» және «R100» радиалды-бұрғылау станогы орнатылды. Электр техникалық болатты ұзынынан және көлденеңінен пішетін Швейцарияда шығарылған Tuboly-Asronic желісі монтаждауға дайындалды және шеф-инженердің келуін күтіп отыр, сондай-ақ трансформаторлардың белсенді бөлшектерін сольвент буында кептіруге арналған MicaVac (Германия) кептіру камераларының вакуумын монтаждау бойынша жұмыс жүргізілуде. Осы жылыту технологиясы процестің ұзақтығын 1,5-2 есе қысқартуға мүмкіндік береді, оқшаулағыштан ылғалды барынша көп шығарады және трансформаторлардың орташа қызмет ету мерзімін ұлғайтады. Май тазарту станциясы мен құрастыру цехына май өткізгіштің құрылысы да жалғасуда. Сынақ зертханасына арналған Германияның HIGVOLT компаниясының жабдығы орнатылуда.

Орталық Азияда теңдесі жоқ сынақ зертханасында қабылдап алу-тапсыру және типтік сынақтар кешені жасалатын болады, ол сапаның халықаралық стандарттарға сәйкестігіне кепілдік береді.

Өндіріс салудан басқа, зауыт қызметкерлері үшін бес қабатты жатақхананың да құрылысы жүргізіліп жатыр.

Зауыт 2018 жылдың аяғында іске қосылады деп күтілуде.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79