• kz

ҚДБ қаржыландыруы жағдайында ОҚО-да қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысын жыл аяғына дейін аяқтау жоспарлануда

Жобаның құны 13,2 млрд теңгені құрайды, ҚДБ «EcoProTech-Astana» ЖШС-ға (ЭкоПроТек-Астана) 8 жыл мерзімге 9,05 млрд теңге сомасында қарыз береді. Жобаны қаржыландыруға қарыз алушының қатысуы 4,2 млрд теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырған электр станциясының құрылысы 77 000 астам фотоэлектрлік модульдерді, 10 инверторлар мен трансформаторларды, сондай-ақ 10 бөлу құрылғыларын орнатуды көздейді.

«Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды қаржыландыру ҚДБ қызметі бағыттарының бірі болып табылады, өйткені ол Банктің өндірістік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу бөлігіндегі мандатына сәйкес келеді. Бұған дейін, соңғы екі жыл ішінде Банк ЖЭК саласында 35,5 млрд теңге сомасындағы екі жобаға қаржыландыру ашты. ОҚО-да күн электр станциясын салу жобасы Банктің жобалық қаржыландыру сияқты құралды пайдаланып қаржыландырып отырған алғашқы жоба болуымен есте қалады. Болашақта Жобаны іске асырудан түсетін ақша ағындарына «KEGOC» АҚ-ның еншілес ұйымы – Жаңартылатын энергия көздеріне қолдау көрсету жөніндегі есептеу-қаржылық орталығы кепілдік береді», – деп атап өтті ҚДБ Дирекциясының клиенттермен жұмыс жөніндегі аға банкирі Айжан Битебаева.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда электр энергиясының 80%-ына жуығы елдің көмір кен орындарынан алыс емес солтүстік бөлігінде өндіріледі. Осы энергияның негізгі бөлігі де сол жерлерде пайдаланылады. Бұл ретте оңтүстікте электр энергиясын тұтыну оны өндіруден екі есеге жуық асып түседі. Күн электр станциясын орналастыратын орынды таңдау кезінде мынадай негізгі екі фактор: күн радиациясының әлеуеті және өндірістік алаңға жақын орналасқан электр желілеріне технологиялық қосылу мүмкіндігі ескерілді. Жоба алдындағы зерттеулердің нәтижелері бойынша біз күн электр станциясының құрылысын салу орнын Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Жылға кентіне жақын орынды белгіледік», – деп атап көрсетті өз кезегінде «ЭкоПроТек-Астана» ЖШС бас директоры Нәзір Теміров.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79