• kz

ҚДБ теңгеге деноминацияланған еврооблигациялар шығару жолымен 100 млрд теңге тартады

Орналастыру кезінде өтеуге кірістілігі жылдық 9,25%, купондық мөлшерлемесі – 8,95% құрады. Мәміле бойынша есептер ағымдағы жылдың 4 мамырында жүргізіледі.

2017 жылғы желтоқсанда жүзеге асырылған «теңгелік» еврооблигациялардың өткен шығарылымымен салыстырғанда, ҚДБ қарыздану мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға және купондық мөлшерлемені жылдық 9,5%-дан 8,95% дейін азайтуға қол жеткізді. «Банктің әлемдік нарықтарда теңгедегі борыштық қағаздардың табысты эмиссиясы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына деноминацияланған қаржылық құралдарға халықаралық инвесторлар қызығушылығының артуы туралы куәландырады. Банк тартқан инвестициялар біздің еліміздің шикізаттық емес экономикасын дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады", - деп атап көрсетті ҚДБ Басқармасының Төрағасы Болат Жәмішев.

Банктің «теңгелік» еврооблигацияларының екінші шығарылымын орналастыру географиясы Ұлыбританияның (шығарылым көлемінің 39%-ы), АҚШ және құрылықтық Еуропа (29%-дан) инвесторларымен, сондай-ақ Қазақстанның (3%) инвесторларымен ұсынылады. Қағаздар эмиссиясы көлемінің 80%-ын активтерді басқару қорлары, 8%-ын – банктер және 12%-ын хедж-қорлар және басқа инвесторлар сатып алады. Абсолюттік цифрлармен алғанда, сөз отыздан астам инвесторлар туралы болып отыр.

Қағаздар шығарудың халықаралық Road Show Алматы, Лондон, Нью Йорк және Бостон қалаларында 20 сәуір – 25 сәуір аралығында өтті. Société Générale Corporate & Investment Banking, MUFG, VTB Capital, Kazkommerts Securities шығарылымның бірлескен букраннерлері болды.

Осы шығарылымдағы ҚДБ еврооблигациялары Қазақстан (KASE) және Лондон (LSE) қор биржаларында листингтеледі.

100 млрд теңге көлеміндегі теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың алғашқы шығарылымын ҚДБ 2017 жылғы желтоқсанда жүзеге асырды. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі 3 жылды құрайды (өтелу күні – 2020 жылғы 14 желтоқсан), орналастыру кезінде өтеуге кірістілігі жылдық 9,625%, купондық мөлшерлемесі – жылдық 9,5%.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79