• kz

ҚДБ Қырғызстанда алтын бөліп алатын фабриканы салу жөніндегі қызметтердің қазақстандық экспортына қолдау көрсетті

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Қырғызстандағы «Джеруй» кен орнында алтын бөліп алатын фабрикасын салу жөніндегі «AAEngineering Group» ЖШС қызметтеріне қатысты екі жыл және он бір ай мерзімге 37,8 млн АҚШ доллары сомасында банк кепілдігін берді.

ҚДБ кепілдігі «AAEngineering Group» ЖШС-ның инфрақұрылым объектілері және қосалқы шаруашылығы бар фабрика салу бойынша тапсырыс берушінің алдындағы міндеттемелерін орындауға, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда тапсырыс беруші төлеген аванстық төлемді қайтаруға қолданылады.

«Мәміле біріншіден, ҚДБ-ның тұтастай қызметтерге, сондай-ақ жеке алғанда қызметтер экспортына қатысты банк кепілдігі сияқты құралды өз қызметінде алғаш рет пайдаланып отырғандығымен ерекшеленеді. Екіншіден, мәміле ҚДБ кепілдіктерін сақтандыруды қамтамасыз ететін негізгі компанияның еншілес компаниялардың бірі – «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ оған қатысатындай түрде құрылымдалған. Біз Қазақстанның шикізаттық емес экспортын, сондай-ақ қазақстандық инжинирингтік компаниялар қызметтерінің экспортын дамытуға жәрдемдесу үшін «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниялары ынтымақтастығының синергиясын пайдаланатындығымызға қуаныштымыз», - деді ҚДБ Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Владимир Ли.

Қырғызстанның «Джеруй» кен орнындағы жылына 1,3 млн руданы қайта өңдейтін қуаттылығы бар алтынды бөліп алу фабрикасының құрылысын 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр.


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79