• kz

ҚДБ қазақстандық аккумуляторлар экспортын кеңейту жөніндегі операцияларға қаржыландыру ашты

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) кейіннен өнімнің экспортталуымен стартерлік аккумуляторлар өндірісі үшін шикізат сатып алуға үш жылға дейінгі мерзіммен 2 млрд теңге сомасына «Қайнар-АКБ» ЖШС үшін жаңартылатын кредиттік желі ашты. Экспорт алдындағы қаржыландыру «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ұсынылды.

«Қайнар-АКБ» ЖШС-ның Алматы облысының Талдықорған қаласында орналасқан қорғасынды-қышқылды автомобиль аккумуляторларын жасау жөніндегі зауыты бар. Кәсіпорын жыл сайын 2,5 млн жуық аккумуляторлар шығарады, олардың 60 % астамы Ресейге, Әзірбайжанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Беларуссияға, Тәжікстанға, Қытайға және БАӘ-ге экспортталады. Банк ұсынған экспорт алдындағы қаржыландыру кәсіпорынға 2020 жылға қарай шетелдік нарықтарға өнім шығаруды жылына 3 млн аккумуляторға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Талдықорған қаласындағы Аккумулятор зауыты бөлшектер мен құрамдауыштарды құюдан бастап дайын бұйымдарды құрастыруға дейінгі өнім өндірудің толық циклын иеленеді. Кәсіпорында пайдалануда болып қолданылу мерзімі өткен аккумуляторларды кәдеге жарату, оларды қайта өңдеу, кейіннен түптің түбінде жаңа аккумуляторлар шығару үшін шикізатқа айналатын әртүрлі қорытпалар алу арқылы қорғасынды тереңдетіп тазарту жөніндегі цех жұмыс істейді.

Ағымдағы жылғы тамызда ҚДБ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қазақстандық шикізаттық емес экспортты қолдау шеңберінде қаржыландыру мөлшерлемесін азайту туралы жариялады. Қарыз алушылар үшін сыйақының түпкі мөлшерлемесі жылдық 9%-дан 8% дейін төмендеді.

Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын экспорт алдындағы қаржыландыру шарттары:

  • Жаңартылатын кредиттік желі кейіннен экспортқа шығарылатын дайын өнімді өндіруге арналған шикізат пен материалдар сатып алу мақсатына ұсынылады;
  • Мақсатты саласы – өңдеу өнеркәсібі;
  • Экспорттық келісімшарт(тар)тың болуы;
  • Кредиттеу мерзімі – 1 жылдан 3 жылға дейін, қарыз валютасы – теңге;
  • Қарыздың ең аз сомасы – 1 млрд теңге.

Жаңартылатын экспорт алдындағы кредит желілерін ашуға мүдделі заңды тұлғалар ҚДБ Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясына мынадай байланысу деректері бойынша өтініш жасай алады: +7 7172 79 26 11 (Владимир ЛИ, Динара РЫСКЕЛДИНА, Ербол СӘЛІМБАЕВ).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79