• kz

ҚДБ өкілдері қаржылық қолдау құралдары туралы айтып берді

Қызметі ел экономикасын әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібі саласындағы инфрақұрылымды және индустрияны дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілесі) инвестициялық нарықта 2001 жылдан бері жұмыс істейді. Өзінің қызмет ету жылдары ішінде Банк өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобаларды уақтылы және жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған негізгі даму институты ретінде көрсетіп үлгірді. Қазіргі кезде ҚДБ қоржынында 5,3 триллион теңге сомасындағы 64 инвестициялық жоба және экспорттық операциялар бар, ол экономиканың шикізаттық емес секторларын ұзақ мерзімді кредиттеу нарығының 48% алады. Соған қарамастан Банк қол жеткізілген жетістіктермен тоқтап қалуды жоспарламайды. Ұйымның стратегиясына сәйкес 2014 – 2023 жылдар аралығындағы кезеңде Банк өңдеу өндірістері мен өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға 4,4 трлн жуық қаражат салу ниетінде. ҚДБ аға банкирі Владимир Ли Қазақстан өнім өндірушілерінің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіндегі конференцияда осындай деректерді келтірді.

PAI_1682.jpg

Владимир Лидің айтуы бойынша, бүгінгі таңда Банктің қаржылық қолдау құралдарының толық тізімі 9 бағыттан тұрады. Ол инвестициялық жобаларды орта және ұзақ мерзімді кредиттеу, экспорттық (экспорталды) операцияларды кредиттеу, айналымдық қаражатты толықтыру мақсатында инвестициялық жоба шеңберінде ағымдағы қызметті кредиттеу, лизингтік мәмілелерді қаржыландыру, ел экономикасын кредиттеуді ынталандыру мақсатында банктерді қаржыландыру, тең қаржыландыру/синдикатталған қаржыландыру, облигациялық қарыз арқылы қаржыландыру, мезониндік қаржыландыру және т.б. Әрбір құралдың әртүрлі шарттары, сипаттамалары және қаржыландыру лимиттері бар. Атап айтқанда, Даму Банкінің қаржыландыруының ең аз сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде белгіленеді, бұл ретте тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі саласында іске асырылатын Инвестициялық жобаны қаржыландырудың ең аз сомасы 3 (үш) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде белгіленеді, экспорттық (экспорталды) операцияларын қаржыландыру кезінде 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде белгіленеді.

ҚДБ-ның ерекшелік қасиеті кредиттеудің икемді шарттары болып табылады. Мысалы, кепілдік мүлік ретінде болашақта бизнес-жоспарға немесе жобаның ТЭН сәйкес келіп түсетін мүлік қарастырылуы мүмкін.

Банктің көрсететін қызметтері туралы нақтырақ ҚДБ https://www.kdb.kz/services/

сайтынан таныса аласыздар.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79