• kz

ҚДБ және ЕАДБ «Сарыарқа» магистралдық газ құбыры құрылысының бірінші кезеңін қаржыландыруды бастайды

Банктер бекіткен қаржыландыру схемасына сәйкес ЕАДБ, синдикат көшбасшысы ретінде, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ жобалау компаниясының («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес компаниясы) 102 млрд теңге мөлшеріндегі облигацияларын 10 жыл мерзімге сатып алды. 51 млрд теңге көлеміндегі ЕАДБ қаражаты және ҚДБ-дан ұқсас сомадағы қаражатты қарызға алу қаржыландыру көздері болып табылды. Осылайша, ҚДБ және ЕАДБ тарапынан Жобаны қаржыландырудың жалпы сомасы Жобаның жалпы құнының 267,3 млрд теңге болуы жағдайында 102 млрд теңгені құрады.

Жобаны қаржыландыру облигациялық бағдарлама арқылы жүзеге асырылды, оның шеңберінде облигациялардың: 85 млрд теңгеге және 102 млрд теңгеге екі шығарылымы орналастырылды. Облигациялардың бірінші шығарылымы 2018 жылғы желтоқсанда сәтті орналастырылды. «SkyBridge Invest» АҚ сарыарқа жобасының қаржылық консультанты және Андеррайторы болды.

Жоба Қазақстан Республикасының елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орталық және солтүстік өңірлерді газбен сенімді және кідіріссіз жабдықтау, экологиялық жағдайды жақсарту саласындағы стратегиялық мақсаттарын орындауға бағытталған. Қаржыландыру шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласын, елдің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру үшін «Қызылорда - Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Нұр-Сұлтан» маршруты бойынша желілік газ құбырын тарту болжанады.

Магистралдық газ құбырының бірінші кезегінің трассасы бойындағы 171 елді мекенді газбен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету жоспарлануда. Жоба шеңберінде құрылыс кезеңінде 900 дейінгі жұмыс орнын, пайдалану кезеңінде – 194 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.

«Қазақстан даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының (ҮИИД МБ) аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz). ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында 2006 жылғы қаңтарда Ресей мен Қазақстан құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Банкке қатысушы мемлекеттер Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы болып табылады.

«АстанаГаз ҚМГ» АҚ –«Сарыарқа» жобасын іске асыру мақсаттары үшін құрылған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Baiterek Venture Fund еншілес компаниясы.

«Skybridge Invest» АҚ (SBI) Қазақстанның қор нарығында елеулі жұмыс тәжірибесін иеленетін табысты инвестициялық компания болып табылады. Бұдан басқа, SBI қосылу және жұтылу жөніндегі мәмілелерді құрылымдау, сүйемелдеу және жүзеге асыру, қаржылық берешекті қайта құрылымдау, жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру және қарыз капиталын тарту бойынша кәсіби қызметтер көрсетеді, сондай-ақ Қазақстандағы да, ТМД елдеріндегі өзге де маңызды жобаларға қатысады.

«Қазақстан даму банкі» АҚ жұртшылықпен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

Еуразиялық даму банкі баспасөз орталығының телефондары:

Савельев Александр, +7 (985) 765 23 59 (Мәскеу)

Сапарғалиева Азима, +7 (777) 750 00 08 (Алматы)

Горбачёв Сергей, +7 (916) 727 22 00 (Мәскеу)

pressa@eabr.org

www.eabr.org


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79