• kz

Қарағанды облысында ферроқорытпа зауыты іске қосылды

Жобаның жалпы құны 34 млрд 150 млн теңгені құрады, оның 24 млрд 120 млн теңгесін 2015-2019 жылдарға арналған ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 11 жыл мерзімге қарыз түрінде ҚДБ берді. Қарыз қаражатының нысаналы бағыты – ғимараттар мен құрылыстарды қоса алғанда, құрылыс-монтаж жұмыстары, сондай-ақ жабдықтар сатып алу, оларды жеткізу және монтаждау.

IMG-20190724-WA0054.jpg 

«Бұл жоба металлургия саласында негізгі болып табылады, ол инвестициялық жағынан тартымды және өте өзекті, өйткені ел басшылығы алға қойып отырған басты міндеттерге – отандық экспортты дамытуға және жұмыс істеп тұрған өткізу нарықтарын кеңейтуге жауап береді. «YDD Corporation» ЖШС (УайДиДи Корпорейшн) зауыты өндіретін өнім 100 % экспортқа бағдарланған болып табылады. Бұл ретте өнім өндіру кезіндегі қазақстандық қамту үлесінің 94% астам шаманы құрайтынын атап өтуге болады», - деп атап өтті «YDD Corporation» ЖШС (УайДиДи Корпорейшн) құрылтайшысы Ерлан Нигматулин.

Болат өндіру және қоспалау кезіндегі аса маңызды элементтердің бірі болып табылатын ферросилицияның негізгі көлемін Ресейге, Түркияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа және ЕО елдеріне экспорттау жоспарлануда. Жобаның маңызды әлеуметтік тиімділігі бар, зауытта бірінші кезеңде 350 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Болашақта, зауыт қуаты ұлғайғаннан кейін тағы 200 астам жұмыс орны құрылады. Зауытта қызметкерлердің жоғары біліктілігі талап етілетін аса жаңа технологиялық жабдықтардың орнатылғанын атап айту қажет. Сондай-ақ жобаны қаржыландырудың өткен жылы ғана басталғанын айтқым келеді. Құрылтайшылар мен компанияның менеджменті зауыттың сапалы салынуын ғана емес, сонымен бірге оның белгіленген мерзімде пайдалануға енгізілуін де қамтамасыз етті. Зауыт рекордтық мерзімде 1 жыл 11 айда салынып бітті»,

- деді ҚДБ Басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов.
IMG-20190724-WA0059.jpg 

Зауытты салу кезінде жобаның экологиялық құрауышына ерекше назар аударылды, бүгінгі таңда бұл экологиялық жағынан ең таза кәсіпорындардың бірі, атап айтқанда, онда кейіннен құрылыс индустриясында жоғары маркалы цементтер өндіру үшін пайдаланылатын компонент – микрокремнеземге қайта өңделетін өндірістік шаңнан ауаны тазартудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін газ тазарту жүйесі бар.

«Осы Жобаны іске асырудың ерекшелігі өндірістік циклдың әлемдік технологиялық жаңа әзірленімдерін қолдану болып табылады, мысалы, Зауыттың газ тазарту деңгейі 99% астам шаманы құрайды. Қарағанды ферроқорыту зауытын салу кезінде әлемдік жетекші компаниялар, Швецияның, Данияның, Түркияның, ҚХР-дың, Грузияның, Ресейдің және Қазақстанның инженерия мен жоғары технологиялы өнеркәсіп саласындағы сарапшылары қатысты», - деп атап өтті «YDD Corporation» ЖШС (УайДиДи Корпорейшн) қатысушыларының бірінің өкілі Ордабасы Тобы Басқармасы төрағасының орынбасары Дінмұхамед Байжанов.

«Қазақстан даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«YDD Corporation» ЖШС (УайДиДи Корпорейшн) – өнімді кейіннен экспорттық нарықтарда сату мақсатында Қарағанды қаласында ферросилиция өндіру жөніндегі зауыттың құрылысын салумен айналысатын Компания. Кәсіпорын 2016 жылдың соңында құрылған.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жұртшылықпен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79