• kz

Талдықорған қаласында жасалған аккумуляторлардың 55%-ынан астамы шетелдерге экспортталды

Талдықорған қаласындағы аккумуляторлар зауыты жыл сайын 2,5 млн жуық аккумуляторлар жасайды. Кәсіпорын өнім өндірудің бөлшектер мен құрауыштарды құюдан бастап дайын бұйымдарды құрастырғанға дейінгі толық циклын игерді. Зауыт өнімі тұтынушыларға «KAINAR», «BARS», «Nomad», «Ұлы Дала», «Вожак» брендтері арқылы танымал.

Ербол Салимбаев БРК.jpg
Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның банкирі Ербол Сәлімбаев

"Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу - ҚДБ   ұлттық даму институты ретінде кредиттік қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Банк отандық тауар өндірушілердің экспорттық операцияларын қаржыландыруды өзінің меншікті қаражаты есебінен және "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырады. 2018 жылғы желтоқсанда ҚДБ кейіннен экспортқа жіберілетін жеңіл және жүк көліктерге, тепловоздар жәнк басқа да техникаға арналған стартерлік-қышқылды аккумуляторлық батареялар шығару үшін қажетті шикізатты сатып алуға үш жыл мерзімге 2 млрд теңге сомасында несие берді. Несиелік қаражат компанияның өндіріс көлемін арттырып, экспорттық көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның банкирі Ербол Сәлімбаев.

1100 астам адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын өнімінің 60%-ын Ресейге, Әзербайжанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Белоруссияға, Тәжікстанға, Қытайға және БАӘ экспорттайды. Банк ұсынған экспорт алдындағы қаржыландыру 2020 жылға қарай кәсіпорынға өндіруді жылына 3 млн аккумуляторға дейін ұлғайтуға және тиісінше өнімді шетелдік нарықтарға беруді арттыруға мүмкіндік береді.

«Қайнар-АКБ» ЖШС қаржы директоры Бақытгүл Күдерінованың айтуы бойынша, 2019 жылдың сегіз айы ішінде зауытта 1,5 млн жуық аккумуляторлық батареялар жасалды, оның 839 мыңы экспортқа жіберілді. Аккумуляторлар Ресей, Украина, Белоруссия, Әзербайжан, Түркмения, Грузия, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан сияқты елдерге экспортталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «экспортқа жұмыс істейтін компанияларды мемлекеттік қолдаудың тиімділігін табанды түрде арттыру міндеті тұр» деген болатын.

ҚДБ қазақстандық кәсіпорындарға "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында несиелеу мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынып, Банк тарапынан қарызды ұсыну шарттары мынадай екенін еске салады:

- жаңартылатын кредит желісі кейіннен экспортталатын дайын өнім өндіруге арналған шикізат пен материалдар сатып алу мақсатында ұсынылады;
- нысаналы мақсаты – өңдеу өнеркәсібі;
- экспорттық келісімшарттардың болуы;
- кредит беру мерзімі – 1 жылдан 3 жылға дейін, қарыз валютасы – теңге;
- ең аз қарыз сомасы – 1 млрд теңге.

Экспорт алдындағы жаңартылатын кредиттік желілер ашуға мүдделі заңды тұлғалар Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияға мынадай байланыс деректері арқылы хабарласа алады: +7 7172 79 26 11 (Владимир ЛИ, Динара РЫСКЕЛДИНА, Ербол СӘЛІМБАЕВ).

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

«Қайнар-АКБ» компаниясы аккумуляторлық батареялар жасау жөніндегі отандық тауар өндіруші болып табылады және «Самұрық-Қазына» холдингінің отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген, сондай-ақ «Интербат» аккумуляторлық батареялар өндірушілердің халықаралық одағына кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79